astana-view

Болат Палымбетов: «Жергілікті биліктің түсіністік танытуы – бизнес табысының кепілі»

2017 жылғы 10 Сәуір
- Шымкент қаласы
6294 просмотров

Бизнес-омбудсмен Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Бұл сапар ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың Оңтүстік Қазақстан облысына екінші рет келуі.

Болат Палымбетов осы келгенінде оның жеке қабылдауына жазылған бизнесмендер санының өткен жылмен салыстырғанда аздығына таңқалды. Олардың көпшілігі заңды түрде араласуды қажет ететін жүйелі мәселелерді көтерді. Астанаға да ОҚО кәсіпкерлерінен түсетін шағым мөлшерінің азайғанын бизнес-омбудсмен айтып өтті. Бұл – мәселелер жергілікті деңгейде шешіліп жатқандығының айғағы. Ал облыс әкімімен және прокурормен кездескенде ОҚО бизнесмендерінің жолы болған екен, билік басына кәсіпкерлерді қолдап, қорғайтын басшы келді деп ой түйді. Облыстың екі басшысы да кәсіпкерлікті барынша дамытуға және бизнесмендердің мәселесін шешуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Бизнес-омбудсмен институты бизнес мүдделерін қорғаудағы тиімді құрылым әрі нақты күш екенін кәсіпкерлердің өткір мәселелерін шешу барысында бизнес-омбудсмен өзі араласқанынан-ақ көруге болады. Жалғанкәсіпкерлік туралы қылмыстық іс жүргізу кезінде бизнес-омбудсменнің араласуымен іс бизнесмендердің пайдасына шешілгені бұған нақты дәлел бола алады. Бұл Қазақстандағы алғашқы жеңіс болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесуінде Болат Палымбетов ОҚО-дағы бизнестің дамуының жақсы жақтары мен 2016 жылдың кейбір көрсеткіштерін атап өтті. Деректерді талдау нәтижесі 2015 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп 108 млрд.теңгеге өскенін көрсетеді. ҚР бойынша ЖІӨ үлес салмағы 13% құрайды (2015 жылы – 1,7млрд.теңге, 2016 жылы – 1,95 млрд.теңге).

«Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингінде Оңтүстік Қазақстан облысы 16 өңірдің ішінде 4 ұпай көрсеткішінен 2,97 ұпай жинап, 3 орынды иеленді. Осылайша, 3 көрсеткішін жақсартты (өңір 2015 жылы 6 орынды иеленген еді).

Сонымен қатар Болат Палымбетов Оңтүстік Қазақстан облысында бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған әлі де бірқатар мәселелердің барлығын атап өтті. Мұны саны 24 мыңға азайған шағын кәсіпкерлік субъектілерінен байқауға болады. Конкурстық сауда арқылы жер телімдерін бөлу де 3,5 есеге азайған. Жер бөлу бойынша өткізілген конкурстардың көрсеткіштері де мәз емес. Небәрі 7 конкурс өткізілген, ал 2015 жылы 32 болған еді. Былтыр ОҚО-нда жер телімдерін сату үшін бірде-бір аукцион өткізілмеген.

Сондай-ақ, бизнес-омбудсмен бос жатқан жер телімдері туралы ақпараттың болмауын да айтып өтті. Жергілікті билік өз тарапынан бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлауды ашық жариялау туралы талаптарды әлі де толық орындамай келеді. Осының салдарынан ОҚО-да бизнес бастамалардың белсенділігі артпай отыр.

Кеңеске қатысқан «Атамекен» ҰКП қоғамдық монторинг және әкімшілік кедергілер департаментінің директоры Ербол Өстеміров жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша өңірдегі ең жемқор органдарға мемлкекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасын, жер қатынастары басқармасын, СЭС органдарын, көліктік бақылау басқармасын және салық қызметі басқармасын жатқызуға болатындығын айтып өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторлар – талаптардың көптігі, орындалуы аса қиын міндеттемелер немесе мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдері, талаптардың өте көп болуы мен рұқсат қағаздардың қымбаттығы», – деп, атап өтті Е. Өстеміров.

Кездесу барысында бизнес-омбудсмен жергілікті ірі бизнес өкілдерімен тамақ өнеркәсібіндегі, мақта шарушылығындағы, құс шаруашылығы және балық саласындағы жүйелі мәселелерді талқылады.

Жеке қабылдауда болған кәсіпкерлер Ауыл шарушылығы министрлігінің орындалуы мүмкін емес қаржы міндеттемелері мәселесін көтерді (инвестициялық субстдиялар). Бұл ҚР-нда жаңа АӨК бағдарламасын дамыту барысында пайда болған мемлекеттік кіріс органдары мен жергілікті билік органдарының лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты фактілер. Сонымен қатар Сарыағаш ауданындағы кейбір коммерциялық ғимараттар мен құрылыс нысандарын бұзу мәселесі де қозғалды.

Болат Палымбетов әрбір мәселені бақылауға алатындығын атап өтті. Мұнда айтылған бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды деді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер