astana-view

Фермердің бастамасын ірі құс фабрикасы қолдады

2017 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5853 просмотров

Бұл өңірлік кәсіпкерлер палатасының жеке кәсібін бастап жатқан кәсіпкерлерге арналып жасалатын франшиза аясындағы жобасы

Сергей Точник – «Максим» шаруа қожалығының басшысы, сондай-ақ Ақтөбе қаласына жақын маңдағы Сазды ауылында орналасқан «Нұр Сая» ӘКК мүшесі. Алты жыл бұрын Сергей өз қаражатына база, сонымен қатар 50 шошқа мен 10 ірі қара малын сатып алған. Бүгінде шаруашылықтың ауданы да кеңіп, мал басы да өскен. Қожалықта биылғы жылдың төлдерін қоспағанда, 100-ге жуық шошқа мен оншақты қой-ешкі, 45 ірі қара мал басы бар. Бұған қоса, күркеүйрек, түйетауық пен тауықтар алынған.

Өткен жылдың соңында шаруа қожағылы «Нұр Сая» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құрамына енді және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 35 ірі қара мал басын алу үшін арнайы несие бағдарламасын пайдаланды. Құспен маусымда ғана айналысады, Көктемде көптеп сатып алып, күзге дейін бағып, одан кейін өткізеді. Шаруа қожалығының басшысы жыл сайын жергілікті базардан сатып алынатындығын айтты. Биыл бір жасқа толған тауықтың жергілікті базардағы бағасы 800 теңгеге жеткен. Сергей менеджер ретінде құстарды бағуға кететін жем-шөбі мен өсірудің шығындарын қоса есептегенде, ең соңында өзіндік құнына әсер ететіндігін айтып отыр.

Бұл жерде Кәсіпкерлер палатасының салалық қолдауды жүзеге асыруды қолдауға арналған, атап айтқанда кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер үшін әрбір қадамының нұсқаулығын дайындау жобасы дер кезінде көмекке келді.

Аталған кооперативті пилоттық режимде сүйемелдеуде Кәсіпкерлер палатасы «Рамазан» ЖШС басшылығымен бір жылдық тауықтарды жоспарлы жаңару бойынша өткізу келісімін жасады.

Алғашқы сатып алу орындалды, жұмыртқалайтын 500 тауықты шаруа қожалығы 350 теңгеден сатып алды.

«Кәсіпкерлер палатасы жақсы жобаны қолға алып отыр. Алғысым шексіз. Жеке өз басым ұтылып отырғаным жоқпын. «Рамазан» құс фабрикасымен жұмыс істеуге дайынмын. Маусым айында голландық тауықтарды сатып алуды жоспарлап отырмын. Жемге қатысты да келісімдер жасалды. Корпоративтерге арналған қоспа жемдерді арзандату үшін қоспа жем дайындайтын зауыттарға субсидия бөлудегі жаңа бағыт көмектеседі», ­­– дейді фермер.

Қожалықта еркін өсірілген құстарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Тұтынушылардың табиғи өнімдерді пайдалануы да артып келеді. Сондықтан да Сергей Точкин құс пен өзге де үй жануарларының түрлерін өсірудің келешегін көріп отыр. Салынған ет өңдейтін цехті жабдықтап, қаңқасы дайын тұрған жылыжайды іске қосу жоспары бар. Қожалықта тек шөп шабатын құралдардың жоқтығы кластердік өндіріске айналуға кедергі болып отырғанына өкінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер