astana-view

«Атамекен» ҰКП аудиторлық қызметке өзін-өзі реттеу институтын енгізуді ұсынады

2017 жылғы 12 Сәуір
5023 просмотров

«Атамекен» ҰКП аудиторлық қызметке міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу мәселесінде реттеушілік әсерге балама талдау бойынша қоғамдық талқылау өтетіндігі жайында хабарлайды

Реттеушілік әсерге балама талдау аудиторлық қызметті ары қарай реттеудің тиімді тәсілі міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу екенін көрсетті.

Өзін-өзі реттеу институтын енгізудің келесідей артықшылықтары бар:

  • Кәсіби қауымдастық қызметін табыстау арқылы мемлекеттік рұқсат беру құралын қысқарту;
  • Кәсіпкерлердің бесекелік қабілетін өзін-өзі реттеу ұйымының көптігі есебінен арттыру және олардың қызметін мемлекетпен және аудиторлық қызметті тұтынушылармен бағалау. Өзін-өзі реттеу ұйымы жыл сайын аудиттен өтеді, сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымының атқарушылық органы 3 жыл сайын алмастырылады;
  • Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі элементі ретінде, сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымының тұтынушылармен өзара қызметтік байланысын арттыру ретінде өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін бағалаудың рейтингтің жүйесін енгізу (абырой тәуелділігінің деңгейіне өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің шағымдары, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігінің болуы, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелеріне біліктілік талабын сақтау, өзін-өзі реттеу ұйымын тексерулер саны мен тексеру қорытындысы және т.б. әсер етеді);
  • Азаматтық-процессуалдық тәртіпте қарастырылған жауапкершілікпен қатар, өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің мүліктік жауапкершілігін енгізу есебінен сотқа дейін реттеу институтын дамыту;
  • Стандарттау мәселелерін жетілдіру. Халықаралық стандарттарға сапалы түрде өту. Өзін-өзі реттеу ұйымы міндетті түрде стандарттар мен ережелерді ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісіледі;
  • Бақылау мен қадағалаудың тиімді механизмі. Жосықсыз аудиторлармен нәтижелі күрес. Жауапкершіліктің жоғарылығы – өзін-өзі реттеу ұйымынан шығару кәсіби қызметті жүргізуге тыйым салу секілді. Мұнымен қоса, сапасыз жұмыс істегені үшін жауапкершілікке тарту шараларын қолдану арқылы өзін-өзі реттеу ұйымына мемлекеттік бақылау күшейеді (ескерту, өзін-өзі реттеу ұйымының лауазымдық құрамын қайта таңдау туралы ұйғарым, тоқтату, өзін-өзі басқару ұйымының ресстрінін алып тастау, лицензиялауға қайтару туралы реттеушілік әсерді талдауға бастамашылық ету).

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отырған үлгімен мына жерден таныса аласыздар.

Ұсынылған үлгіге қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді 12.04.2017 дейін a.turezhanov@palata.kz электронды почтасына жіберулеріңізге болады немесе хабарласыңыздар: тел. +7 7172 91 93 55.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер