astana-view

Сауда нысандарын еріксіз бұзу кәсіпкерлерді шығынға батырады

2017 жылғы 13 Сәуір
- Алматы қаласы
5894 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасында шағын бизнес нысандарын бұзуға жол бермейтіндігі айтылды

Кәсіпкер Александр Сон таңертең жұмысқа келгенде оның екі сауда павильонының орнында жоқ екенін көрген. Алматы орталығында орналасқан жылдам тағам даярлау орны әкімдіктің көзіне «сүйелдей» болып келгелі қашан. Сондықтан, Александр киоскілерді қала билігінің өкілдері алып тастады деп шешкен. Ал қала әкімшілігі жеке меншіктегінің жоғалуына ешқандай қатыстары жоқ екенін айтады.

«Әкімдік көптен бері павильондарды алып тастау керектігін ескерткен. Бірақ менің қолымда барлық рұқсат құжаттары бар. Жұмыс істеу үшін киоскілерді де, қажетті жабдықтарды сатып алдым. Арбаттың аумағына арнайы техникасымен тек муниципалдық қызмет қана кіре алады. Сондықтан мұны тек әкімдік жасады деп шештім. Ал жақын күндері киоскіні бүкіл жабдығымен қоса өртеп жібергенін білдім. Менің шығыным моллион теңгеге дейін жетеді», – деді ашулы кәсіпкер.

Александр Сон туындаған мәселемен Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Оның өтініші Кәсіпкер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қарауына жолданды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы киоскінің алып тастауы кімге қажет болғанын түсінбейтінін айтты. Бұл іс Ісшкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Басталған тексеруді қалалық прокуратура өкілдері ерекше назарға алып, қастық ойлағандарды жазалауға уәде берді.

«Қазір қаладағы тұрақсыз сауда ережесі дайындалып жатыр. Онда барлық талаптар нақты жазылады. Кәсіпкерлер палатасы объектілерді ауыстырғанда балама ұсынылғанын, басқа сауда орны немесе қандайда бір субсидиялау берілгенін талап етіп отыр. Бүгінде Алматыда сүрілу қаупі төніп тұрған 375 тұрақсыз сауда орны бар. Бұзу тек соттың шешімімен ғана жасалу керек. Бүгін талқылаған іс өте ауыр, мұндай айғақтарды бірден прокуратураға жолдайтын боламыз», – деді Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Сонымен қатар, Кеңесте кәсіпкердің аудандық мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының атына түсірген шағымы талқыланды. Аудандық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары бизнесменнен оның компаниясының дәулеттілігін дәлелдейтін құжаттарды сұрап, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тартқан.

Мемлекеттік кірістер департаментінде ішкі тексеру жүргізуге уәде берді. Алайда Кеңес мүшелі бұл істе қылмыстық іс бар екенін жоққа шығармайды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Сәмсия Мұқаеваның шағымы болды. Алматы тұрғыны 5 жылдан бері өзінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат ала алмай жүр.Қалалық прокуратура тарапынан оның бұл мәселесін шешуге уәде етілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер