astana-view

СҚО-да машина жасау саласы өңдеуші өнеркәсіптің 22,1%-ын құрайды

2014 жылғы 20 Наурыз
4578 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында машина жасау өнімдерінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 3 223 млн теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ды құрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Машина жасау саласындағы негізгі өнімді 4 ірі кәсіпорын: «ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ өндіреді», - дейді индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Ысқақов. 

Оның айтуынша, 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста машина жасау саласында 3 жоба жүзеге асырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер