astana-view

Араб әмірліктерінің ірі туроператоры Қазақстанға келеді

2017 жылғы 18 Сәуір
- Астана қаласы
9250 просмотров

Khalil Nirvana Agency туристік компаниясы Қазақстанда өз өкілдігін ашуға ниетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Nirvana Travel & Tourism» туристік компаниясының басқарушы тобы туристік саланың өкілдерімен іскерлік кездесу өткізу мақсатында Қазақстанға арнайы іс-сапармен келді.

Ұлттық палата алаңында Қазақстан мен БАӘ туристік операторлары кездесті. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева туристік операторлардың іскерлік кездесуі Қазақстан мен Біріккен араб әмірліктерінің арасында арасындағы туристік байланысты нығайтуға сеп болатына баса назар аударды.

«Араб әмірліктеріне Қазақстаннан туристердің баруы жолға қойылған, Бізге Қазақстанға келетін туристер легін арттыру маңызды. Бірнеше компаниялар туристерді тікелей әуерейсі арқылы жеткізумен айналысады. Туристік саланың ауқымы кеңейіп жатқанына қуаныштымыз. Араб әмірліктерінің дамуы қарқынды. Бүгінде Khalil Nirvana Agency компаниясымен ынтымақтастық арқылы Қазақстанға туристер тартуға мүдделіміз», ­– деді Юлия Якупбаева.

Дубайдың үздік үштігіне енген Khalil Nirvana Agency туристік компаниясының атқарушы директоры Дораисвами Сампат Сринивас (Doraiswami Sampath Srinivas) компанияның қызметі жайында мағлұмат беріп, Қазақстанға келген мақсатын ерекше атап өтті.

«Компания қабылдау, жөнелту қызметтерін көрсете отырып, туристік салада қалыптасқан. Ресей, Қытай серіктестерімен ауқымды жұмыс атқарып отырмыз. Каир, Нью-Йорк, Манчестер секілді көптеген қалаларда өкілдігіміз бар. Қазақстанда өтетін Экспо­–2017 көрмесі ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазақстандағы туристік компаниялармен серіктес болуға ниеттіміз. Біз .шін тіл кедергі болған емес. Компания дамуға, кеңеюге мән беріп отыр. Біз жай ғана туристік компания емеспіз, біз түрлі салада қызмет көрсетеміз. Туризм соның бір бөлігі», ­– деді Khalil Nirvana Agency өкілі.

Бүгінде Khalil Nirvana Agency компаниясының 30-ға жуық кеңсесі бар және шамамен 400 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қызмет көрсету, сервис сапасына зор мән береді. Бүгінде АҚШ, Англия мен Каир елдерінде өкілдіктері ашылған.

Khalil Nirvana Agency компаниясы Астанада өтетін Экспо халықаралық көрмесі кезінде туристерге қызмет көрсетуге мүдделі. Сонымен қатар, көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстандағы қызметтерін жалғастыруды, өзара ынтымақтастықты арттыруды қалайды.

Осы мақсатта туризмді дамытуға қатысты мәселелер талқыланып, екіжақты ынтымақтастық жайында келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, В2В форматында екі елдің туристік операторларының кездесуі өтті. Қазақстандық туристік операторлар ішкі туризмге арналған жерлер мен көрсетілетін қызметт жайында ақпарат берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер