astana-view

Алматыда Қазақстанның «Туризм және Саяхат» халықаралық 17-көрмесі басталды

2017 жылғы 19 Сәуір
- Алматы қаласы
8904 просмотров

Бүгін Орта Азияның тұрақты әрі ірі туристік форумы саналатын Қазақстанның «Туризм және Саяхат» халықаралық 17-көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтті

Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қытайдың туризм жөніндегі мемлекеттік басқарамасы басшысының орынбасары Ду Цзян, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қатысты. Ашылу рәсімінің аясында Қазақстандағы Қытай туризмі жылының салтанатты ашылуы өтті.

Көрме 3 күнге созылады, онда 30-дан астам ел мен 300 компания қатысады. Бұл алаң әртүрлі елдің туризм саласындағы 5000 кәсіби маманының басын қосады. Көрме жұмысында қатысушылар маусымның жаңа трендтері жайлы біліп, ақпараттық оқыту семинарларына, таныстырылымдар мен бағдарламаларға қатысады, мұнымен қоса, тиімді арнайы ұсыныстар алуға, ссеріктестік байланыс орнатуға қол жеткізулері мүмкін.

Шет елден келген қатысушыларға Экспо көрмесімен қатар Қазқастанның туристік өнімі таныстырылады.

Мысалы, биыл Алматы агломерациясы аясында Алматы қаласы мен Алматы облысы бірлескен стендке шығарылды. Алматы қаласы туристік-ақпараттық орталығының жетекшісі Әсел Нұркебаева Алматы қаласы Туризмді дамыту тұжырымдамасына сәйкес көрмеде гастрономиялық туризм қойылғанын айтты.

«Әлемде туристердің 79% дестинация саласында жаңа әсерге бөлейтін дестинацияларды артық көреді. Мұнымен қоса, біз туризмдегі digital-технологиларды дамытуға баса назар аударып отырмыз, себебі туристердің жартысы туристік сайттардың мобильдік қосымшаларын пайдаланады. Көрмеге біз екі жаңа мобильдік қосымшаны шығардық – жолнұсқама мен аудиогид», ­– деді Әсел Нұркебаева.

Сонымен қатар, «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ қатысушылардың назарын «Travel the Silk Road and visit Astana-EXPO-2017» тақырыбындағы роуд-шоуға аударды. Роуд-шоу аясында қатысушылар Қазақстанның туризмі туралы, ЭКСПО-2017 өнімінің портфолиосы жайында таныстырылымды көріп, отандық туристік операторлардың туристік пакеттерімен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар назарына Еуропа қалалары бойына «ЭКСПО-2017 керуені» жайында ақпарат ұсынылды. Роуд-шоу бағдарламасында сый-сыяпаттарға толы байқаулар мен кофе-брейк қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер