astana-view

Астанада логистикаға қатысты конференция өтеді

2017 жылғы 24 Сәуір
- Астана қаласы
8640 просмотров

25 сәуір күні «Болашақ логистикасы: қоймаға арналған тиімді шешімдер»  атты халықаралық конференция өткізіледі

Айтулы шараға еліміздің әрі шетелдің жетекші сарапшылары, топ-менеджерлері, қойма қожайындары, логистика жетекшілері және жалға беру директорлары қатысады. Аталмыш шара қазақстан мен Ресейдің 15 қаласын қамтиды әрі бизнес-шаралар бойынша федералды серияға енгізіледі. Ұйымдастырушы – Ekbpromo тобы,  қойма мен көлік логистикасындағы салалық кәсіподақтар жобаға қолдау көрсетеді.  

Айта кетелік, Қазақстанның қоймалық жылжымайтын мүлік нарығы соңғы жылдары жақсы дамып келе жатыр. Бұл ілгерілеу үкіметтің Ақтөбе, Павлодар, Орал, Атырау, Ақтау, Қостанай, Семей, Алматы қалаларындаға терминалды желілерді жолға қою арқылы іске асқан. Бүгінде Қазақстанда  А мен В классындағы 1 млн қоймалық мүлік пайдалануда. Осы көлемнің 30%-ы Алматы қаласына тиесілі. Онда 400 мың шаршы метрді құрайтын сапалы қойма орындар бар. Бұл нарықтың келешектегі өзгеруі мен ілгерілеуі туарлы 25 сәуір күні өтетін конференцияда талқыланады.
 
«Болашақ логистикасы: қоймаға арналған тиімді шешімдер» конференцияда Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары қатысады. «Комитас» сауда бөлімінің жетекшісі Владислав Полторак қоймада тауарды сақтау бойынша жаңа тәсілдер туарлы хабарлайтын болады. Мәскеулік SCANCODE штрихтау және кодтау құралдарын шығаратын комапняиның сауда бөлімі жетекшісі Дмитрий Абдрахманов деректер жинайтын терминалды дұрыс таңдау бойынша ақпарат береді. Ресесйлік  Kardex Remstar компаниясының өңірлік менеджері Раис Абдуллин қоймаға тауарды орналастырудың автоматталған жүйелерін таныстырады. Ал JLL компаниясының өңірлік директоры Вячеслав Холопов қоймалық мүліктің негізгі басымдықтарын тілге тиек етеді.

«Болашақ логистикасы: қоймаға арналған тиімді шешімдер» конференцияның әр қатысушысы «Ресей қоймалары» атты федералды салалық жол сілтеуші бірегей басылымғақол жеткізеді. Бұл басылымда сапалы қоймалар  туралы толық ақпарат қамтылған. Жол сілтеуші басылым тиражы 5 000 дананы құрайды, шарада оның баспа әрі электронды түрі таратылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер