astana-view

Медициналық мекемелердің өзекті мәселелері Мәжіліс отырысында қаралды

2017 жылғы 24 Сәуір
- Астана қаласы
10460 просмотров

21 сәуір күні «Қазақстан Республикасындағы жеке меншік медицина жүйесін дамытудың ахуалы мен келешегі» тақырыбында «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес пен ҚР Парламенті Мәжісілінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің бірлескен отырысы өтті.

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес мүшесі Зәуреш Аманжолова, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, «Қазақстан жеке меншік медициналық құрылым қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ салалық қауымдастықтардың жетекшілері, сондай-ақ Сұңқар» медикал компаниясы» ЖШС мен «Гемотология орталығы» ЖШС» жеке меншік медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева алғы сөзінде жеке меншік медицинаның жай-күйіне тоқталды.

«Бүгінде республикада заманауи, қымбат жабықтар қойылған жеке меншік медициналық ұйымдар жұмыс істейді, оларда сапалы медициналық қызмет көрсетіп отырған білікті мамандар бар. Алайда, мемлекеттік сектордың үлесі әлі де жоғары ­– 72,8% (2948 медициналық мекеме). Мемлекеттік емес сектордың үлес төмен: небәрі 27,2%, бұл 1102 медициналық мекеме, олардың 941 амбулаториялық-емхана мекемесі (85,3%) және 161 аурухана (14,6%). ТМККК қызмет көрсетудегі жеке меншік жеткізушілердің үлесі 2009 жылғы 0-ден 2014 жылы 27,4%-ға өскен», – деді Юлия Якупбаева.

Басқарама Төрағасының орынбасары баяндамасында медициналық қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің бірқатар мәселелерін көтерді.

«Кәсіпкерлер тарапынан жиі көтерілетін мәселенің бірі – денсаулық сақтау нысандарына қойылатын құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелердің жетілдірілмегендігі», ­– деп атап өтті Юлия Якупбаева.

ҚР ИДМ жанындағы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінде денсаулық сақтау нысандарына қойылатын құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын оңтайландыру жөнінде Жұмыс тобы бар екенін атап өткен жөн. Оның құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» ҰКП мен жеке меншік медициналық мекемелердің өкілдері кірген.

Жұмыс тобы аясында Ұлттық палатаның емдік-сауықтыру мекемелерінің ауданы мен құрамын оңтайландыруға қатысты 70 ұсынысы қабылданды.

Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс басталды, қолданыстағы ережелерді қазіргі шынайылықты есепке ала отырып оңтайландырамыз деген үміттеміз», – деді спикер.

Юлия Якупбаева сонымен қатар, жеке меншік медициналық ұйымдардың жұмысында орын алған мәселелерді атап өтті:

1. Жеке меншік медициналық мекемелердің мемлекеттік тапсырысқа теңдей қолжеткізе алмайды. Бүгінге дейін ТМККК-де мемлекеттік мекемелерге басым құқық беріледі, ал жеке меншік мекемелер одан кейін қаралады;

2. Медициналық қызмет тарифі шығынды толық жаппайды және инвесторлардың қызығушылығын тудырмайды, себебі негізгі қаражаттың амортизациялық шығындары, қымбат абдық алуға жұмсалған қаражат, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығыны, банктік займ пайызы есепке алынбайды.

Ал мемлекеттік медициналық мекемелерге экономикалық басымдық берілген:

1) қор жинау құны. Мемлекеттік медициналық ұйымдар жабдықтарды, шығыс материалдарын, уақыты мен еңбек ресурсын пайдалана отырып, ТМКК аясында жұзеге асырылатын ақылы қызмет көрсетеді. Жеке меншік мекемелер барлық шығынның орнын нарықтық қаржыландыру көздері арқылы толтырады.

2) баға белгілеу. Жеке меншік мекемелерде баға белгілеген кезде шығынның барлық түрі ескеріледі. Мемлекеттік емханаларда баға белгілегенде негізгі қордың құны, оның құрамы, қызмет көрсетілетін тұлғаға кеткен шығын енгізілмейді, бұл медициналық қызмет құнының шығындық бөлігін азайтуға алып келеді.

3) медициналық мекемелердің ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінің қосалқы жүйесімен біріктіру мәселесі.

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінің түрлі порталдары арасында бірігуі жоқ. Сондықтан  ТМКК аясында медициналық көмек көрсететуге қатысатын осы денсаулық сақтау мекемелері бірнеше ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істеуге тура келеді (шамамен 20-дан астам портал).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге орай жеке сәйкестеніру нөмірі бойынша жарналар мен аударымдардың есебін қамтамасыз ететін және медициналық мекемелерге қажетті барлық ақпараттарды онлайн режимде көріп отыру үшін тиімді ақпараттық жүйе қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр.

Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірнеше ұсыныс берді:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көмек көрсетуді жасағанда жеке меншік медициналық мекемелердің ресурстарын барынша ескеру;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен Ерікті медициналық сақтандыруды байланыстыр деңгейінде немесе пациенттің МӘМС мен жеке төемдерін біріктіруді қалағағанда бірге төлеу механизмін қарастыру
Медициналық қызметтердің тариф белгілену механизмінде шығын түрлерін анықтай отырып қайта қарастыру;
2018 жылға дейін пациенттің электронды паспортын енгізу;
2018 жылға дейін МӘМС жүйесіндегі қаржылық қараражаттардыің түсімімен жұмсалуын нақты бақылайтын функциясы бар көпфункционалды ақпараттық жүйені енгізу;
Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге өзгерту енгізуді жеделдету.

«Экономикасы дамыған елдердің жеке меншік медициналық тәжірибесі нарықта айтарлықтай үлесі бар және оның ажырамас бөлігіне айналған табысты тәжірибесіне сүйене отырып, денсаулық сақтаудың жеке меншік секторын дамыту жалпы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және жұртшылықтың басым бөлігіне сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді арттыратын маңызды факторға айналуы мүмкін», ­– деп атап өтті Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер