astana-view

Ауыл шаруашылық кооперативтеріне жер бөлу фермерлер үшін мәселеге айналды

2017 жылғы 25 Сәуір
- Павлодар облысы
5266 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіп кешенінің келешектігі мен мәселелері Өңірлік кеңес отырысында талқыланды 

 Шара барысында фермерлер өз жоспарларын ортаға салып, кедергі келтіріп отырған түйіткілдер туралы сөз қозғады. Өңірлік кеңес мүшесі Ерлан Тоқтышақов агрокешен саласы бойынша палатаның 2016 жылы атқарған жұмысы туралы баяндап берді. Мәселен, Палата қолдауымен өңірде 50 ауыл шаруашылық кооперативі құрылған. Агро біліктілікті көтеру бойынша 14 семинар өткізіліп, онда 228 адам оқудан өтті.

 «Фермерлерді оқытудың тиімділігін айтқым келеді. Семинар саланы түсініп, агрокешеннің қыр-сырын меңгеруге жол ашады. 2017 жылы 12 шаруа қожалығында, атап айтқанда құс, бал, өсімдік, мал шаруашылықтарында  семинар өткізу жоспарланып отыр», – деп хабарлады Ерлан  Тоқтышақов.  

 

Осы ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен келіп түскен өтінімдер туралы да айта кеткен жөн, сол мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылған.

Ең өзектісі – ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жер бөлу мәселесі. ӨКП Май және Железі ауыдандарының жергілікті атқарушы органдарына бірлесіп жер бөлу туралы АӨК өкілдерінен түскен әр өтінім бойынша жұмыс атқару тапсырылды.

«Жолжақсынов» жеке кәсіпкерлігі мен «Мақсат» жеке кәсіпкерлігі былтырдан бері субсидия төлемдерін алмағандарына шағымданды. Сонымен қатар шаруалар көктемгі дала жұмыстарын жүргузіді қаржыландыру механизмінде бірқатар мәселелер бар екенін және ӘКК нвестициялық жобаларын қаржыландыру бағдарламалары жоғын  жеткізді.  

ӨКП Өңірлік кеңесі мүшелері «Жаңа өндіріс» ЖШС бидау және картоптың күрделі өңдеу бойынша инвестициялық жобасымен танысты. Кеңес мүшелері жоба иелеріне жобаны Кәсіпкерлікті дамыту өңірлік картасына қосуды ұсынды.  

Агро саласындағы жүйелі мәселелерді талқылай келе Өңірлік кеңес ӨКП мен «Қазақстанның фермерлер одағымен » бірлесіп көктемгі дала жұмыстарының  қаржыландыру тетіктерін қайта қарастыру, көктемгі дала жұмыстары бойынша кепілсіз несиелеудің жолдарын әзірлеу, ӘКК нвестициялық жобаларын қаржыландыру және АӨК-тегі салық салу саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер