astana-view

ҚР ҰКП Үкімет қарауына машина жасау бойынша 61 инвестициялық жоба ұсынды

2014 жылғы 19 Наурыз
8444 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015-2020 жылдарға арналған Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында Үкіметтің қарауына машина жасау бойынша құны 327 млрд теңге тұратын 61 инвестициялық жоба ұсынды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Екатерина Никитинская, деп хабарлайды рalata.kz сайты.

«2015-2020 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында, машина жасау саласына басымдық берілгендіктен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің қарауына құны 327 млрд теңге тұратын 61 инвестициялық жоба ұсынды»,- деді Е.Никитинская.

Олардың ішінде, Өскемен қаласында жылына 120 мың көлік шығаратын көлік зауытын салу және автокомпоненттер өндіретін тахнопарк салу сияқты жоабалар бар. Семейде тығыздалған табиғи газбен жүретін автобус шығару, Петропавлда қоршаған ортаның бүгінгі ахуалын және экологиялық мониторинг жасайтын автоматизациялық жүйе, сондай-ақ, РВС радиостансасын пайдалану арқылы радиоканал негізінде темір жол транспортын басқару жүйесі өндірісін реттеу ісі бар.         

СҚО-да тау-кен өндірісі мен мұнай өңдеу кәсіпорнына қажет піспек және плунжерлік сорғыш шығару, Көкшетауда ауылшаруашылығы мен коммуналдық техника үшін қажет қазақ-белорусстық индустриялды-техникалық паркі, Атырау облысында ауыр және ірі габаритті өнім түрлерін, сондай-ақ ол жерде фланц шығаратын бірлескен қазақ-итальян кәсіпорнын ашу жоспарда бар.

Алматыда халықаралық стандартқа сай металлконструкция және сыйымды құрал заманауи машина жасау зауытын салмақ. 

Е.Никитинскаяның айтуынша, индустриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасы бойынша жұмыс жасау – маңызды мәселелер ретіне тағы бір пысықтау үшін қажет. Себебі, Қазақстанда машина жасау ісіне қажет комплектілеу мен дайындау өндірісінің (штампілеу, метиз, металл кесетін құрал, құйғыш, шыңдалғы) замануи базалары жоқтың қасы

Оның ақпары бойынша, Қазақстанда 2010-2013 жылдары аралығында машина жасау саласына құны 196 млрд теңге инвестиция салынған 58 жоба  іске асыпты. Қазақстанның индустриаландыру Картасы аясында, 2013 жылы  кәсіпорындарда өндірілген өнімнің үлесі – машина  жасау қндірісінде өндірілген жалпы өнімнің 16 пайызын құрайды.

Елімізде жеңіл және жүк көліктері, локомотивтер /тепловоз бен электровоздар/, жүк және жолаушылар вагондары, индустриалды аккумуляторлар, арнайы техника сияқты өнімнің жаңа түрлері игерілген.

Екатерина Никитинскаяның айтуынша, Қарағанды облысындағы өндірістік кәсіпорындардың ерекшелігін ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шыңдалғы және жалпы машина жасауға қажет дүниелер, бірінші кезекте – редуктор, шойын және түрлі түсті балқытатын отандық өндіріс құруды ұсынып отыр.   

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып,  Қарағанды облысының машина жасау кәсіпорындарында, дәлірек айтсақ, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС-нің Қарағанды балқыту зауытында көлемі 200 мың тоннаға дейін шойын, болат, түрлі-түсті балқытатын өндірісті үйымдастыру мәселесін қолға алмақ. «Миттал Стил Темиртау» ЖШС базасында жалпы машина жасауға қажет бұйым өндірісі, алда құрылатын машинажасаушылар холдингі базасында редуктор шығару көзделіп отыр»,- деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер