astana-view

Қазақстандағы машина жасау саласында сертификат орталығы тапшы - ҰКП

2014 жылғы 19 Наурыз
9960 просмотров

Қазақстанда машина жасау саласында сертификат орталығы мен сынақ зертханаларының тапшылығы қатты сезілуде. Бұл жөнінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі Екатерина Никитинская хабарлайды.

«Ресей мен Белоруссияда бұл сала елеулі түрде дамыған. Сол себептен, отандық машина жасау кәсіпорындары шығарылған өнімнің міндетті сертификаттау рәсімдерін аталған екі елдің зертхана мен орталықтарында өткізуге мәжбүр. Бұл – уақыт пен қаржылық жағынан қосымша шығынды талап етіп отыр. Сондай-ақ, қазақстандық өнімнің Кедендік Одақ нарығына әкімшілік тарапынан кідіріспен шығуына әсер етеді», - дейді ҰКП Басқарма мүшесі.  

Оның айтуынша, отандық машина жасау кәсіпорындары замануи өнім түрлерін шығаруға қажет жаңа конструкторлық-техникалық құжаттарды әзірлеуде жаңа жүйелі тәсіл жоқтың қасы.     

«Мемлекеттік және ұлттық компания тарапынан тапсырыстар мен зерттеме жүргізуге отандық кәсіпорындардың қажетті қаржылары жоқ. Сонымен қатар, тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеуді орындаушылар үшін арнайы жеңілдіктермен де қамтылмаған. Барлық гәп осында», - дейді Е.Никитинская.   

Оның айтуынша, зерттемелер мен техникалық құжаттандырумен айналысатындар, тәжірибелі үлгілер мен макет шығарушылар, сертификаттау мен сынақ жүргізушілер бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Ғылыми-зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық зерттемелермен айналысатындарға жеңілдік қарастырылуы тиіс.    

Никитинскаяның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан ауыл шаурашылығы техникасы мен құрал-жабдықтар бойынша сұранысты белгілеуде үйлестіру ұстанымдары жоқ. «Агробизнес - 2030» бағдарламасы аясында отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарпынан  қолдау жетіспейді.

«Отандық тауар өндірушілерден ауыл шаруашылығы техникасын лизинг ретінде, «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 2-3 пайыздық жеңілдетілген көмекпен  сатып алуға, жалпы сұраныстағы айналым капиталы 40 пайыздық мөлшермен несиеленген ауыл шаруашылығы техникасын шығарушы кәсіпорындарды модернизациялау үшін жеңілдікпен берілетін несиемен қамтамасыз ету үшін - «Агробизнес-2030» бағдарламасына отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығарушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ретінде аталған ұсынысты енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді Е.Никитинская.    

Оның айтуынша, өнідірістік кәсіпорындарға электр қуатын тым жоғары тарифпен есептеу, отандық машина жасау саласының серпінді түрде дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр.     

Никитинскаяның айтуынша, осыған байланысты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттікпен бірлесе отырып, жақын уақытта машина жасау кәсіпорындары үшін кешкі мезгілде берілетін электр қуаты тарифын күндізгі уақытта берілетін арзан бағамен теңестіріп, электрэнергетикалық желіге қосылу үшін төленетін бағаны алып тастап, /шартты нормасына қарай/ тұтынылатын электр қуатын көбейту қажеттігі бойынша мәселелерді қамтуы тиіс.      

Тағы бір өзекті мәселе – Қазақстанда индустриялық май өндірісі мүлде жоқ, оның ішінде трансформаторлық майды атап өтуге болады. Бірақ, осы майға деген жылдық сұраныс 400 млн долларды құрайды. Е.Никитинскаяның айтуынша, Мұнай және газ газ министрлігі Индустриия және жаңа технологиялар министрлігімен біріге отырып, биылғы жылдан бастап қазақстандық кәсіпорындардың базасында индустриялық май шығару мүмкіндігін қарастыруы шарт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер