astana-view

Тимур Құлыбаев экономиканың салалық зерттеуіне бизнестің қатысуын арттыруды ұсынды

2017 жылғы 28 Сәуір
- Астана қаласы
4673 просмотров

Салалық зерттеуге бизнес-қоғамдастықтың қатысу деңгейін қалай арттыруға болады?

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының кеңейтілген жиынында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев экономиканың салалық зерттеуіне бизнес-қоғамдастықтың қатысуын арттыруға қатысты ұсынысын берді.

«Бүгінде мемлекеттік органдар ғылыми зерттеуге қомақты қаражат жұмсайды. 2017 жылға 16 орталық орган бойынша шамамен 38 млрд теңге бөлінген. Біз салалық зерттеуді кеңесшілердің ғана емес, сондай-ақ салалық қауымдастықтарда жұмыс істейтін сарапшылармен жүргізуді ұсынар едік. Салалық қауымдастықтар бизнестің әрбір саладағы нақты мәселелерін көріп отыр және өндірістік тәжірибелері де бар. Бүгінде Ұлттық палатада аккредиттелген 126 қауымдастықтан анағұрлым ірі 16 қауымдастықтың салалық толық зерттеу жүргізуге, нақты бір саланың мүддесін қорғауға мүмкіндігі бар. Әлемде осылай жүргізіледі. Экономиканың дамуына осылайша баға беру кәсіпкерлік-қоғамдастықты «сілкіндіретін» экономикалық «революциялық» шешім қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік береді», – деді Тимур Құлыбаев. 

Төралқа Төрағасы атап өткендей, тәуелсіз баға беруді қажет ететін мысалдар айқын.

«Қуаттылық нарығын енгізу, ҚҚС шектеуін азайту әлденеше рет кейінге қалдырылды. Парниктік газдың сауда нарығы тоқтатылды. Яғни, нарық жиі өзгерістерге дайын емес. Мемлекеттік органдардың да, қоғамдастықтардың да жан-жақты зерттеу қорытындысы алдағы уақытта Парламентте талқылауға, Үкіметтің түрлі жоспарын құруға мүмкіндік береді. Бұл экономиканы анағұрлым сапалы талдауға, реттеудің оңтайлы үлгісін жасауға және Мемлекет басшысының бізге берген тапсырмасын ескере отырып, заң жобаларын жоспарлауға себепкер болады», – деп түсіндірді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер