astana-view

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары мен «Атамекен» бизнестің үлкен шығындарын шешуге ықпал етеді

2017 жылғы 28 Сәуір
- Астана қаласы
6317 просмотров

Мәжіліс төрағасы бизнес үшін мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланудың маңыздылығына баса назар аударды

«Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы, ағымдағы сын-тегеуріндері мен келешегіне қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Біз – Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесе отырып, Елбасы қойған тапсырмалардың сәтті орындалуын қамтамасыз етуіміз керек», – деді Мәжіліс Спикері.

Нұрлан Нығматулин депуттатық корпус пен кәсіпкерліктің бірлесе атқарған жұмысы оңтайлы қалыптасқандығын атап өтті.  Әсіресе жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы мен электр қуаты мәселесіне қатысты жұмыстарға баса назар аударды.

Спикердің атап өткеніндей, бұл құқықтық механизмді табуға мүмкіндік берген, оны пайдалана отырып, энергия тасымалдайтын ұйымдарды ірілендіру тиісінше, кәсіпкерлер үшін де, сондай-ақ тұрғындар үшін де электр қуатының тарифін төмендету тапсырмасын шешуді қамтамасыз етеді.  

«Осылайша Мәжіліс депутаттары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы энергия қызметі бағасының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл бизнес үшін ең қомақты шығынның бірі ғой. Депутаттар мен Ұлттық палатаның өзара сындарлы іс-қимылын басқа да бағыттар бойынша қолдап, дамыту қажет», ­– деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин мемлекеттік қолдауды бизнесті дамыту үшін тиімді пайдаланудың маңыздылыған баса назар аударды.

«Міндетіне жауапсыз қарайтын шенеуніктер мемлекеттің бизнеске көрсеткен қолдауын жеке бастары үшін пайдаланған, артықшылық танытып, қандайда бір фирмаларға қолдау көрсету жағдайлары да болған, бұл тікелей сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Әрине, мемлекеттік қолдау отандық өндірісті дамытуға және жергілікті қамту үлесін арттыруға әсер етеді. Алайда, осындай араласудың нәтижесінде мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік мердігерліктің қамқорлық жағдайында өмір сүретін «бизнес» пайда болады. Оның бәрінен айрылса, бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Сондықтан бизнеске осыншама тікелей қолдау көрсетудің, оның дамуына жақсы жағдай жасаудың қажеті жоқ. Біз бірлесе күш сала отырып, мемлекеттік қолдау тиімді, ал бизнес бәсекеге қабілетті болатында етіп, мемлекет пен бизнестің арасына серіктестік байланыс орнатуымыз керек», ­– деді Мәжіліс Төрағасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер