astana-view

«Қорғаста» кәсіпкерлер форумы өтеді

2017 жылғы 07 Мамыр
6178 просмотров

2017 жылдың 12 мамыр күні «Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Кәсіпкерлердің форумы өткізіледі

Іс-шараны Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қорғас қаласының Ұлттық Үкіметінің қамқорлығымен «Қорғас» ШХЫО» АҚ ұйымдастырады.

Кәсіпкерлер форумының аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы» қазақстандық және қытай бөлігінің таныстырылымы, жұмыс істеп отырған және әлеуетті инвесторлардың баяндамасы жоспарланып отыр.

Форум қатысушылары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» аясында трансшекаларлық серіктестік саласындағы бизнесті дамытумен байланысты мәселелерді талқылайды.

Бұл іс-шара бизнесті дамытудың басым бағыттарын анықтауды мақсат тұтып отыр, сондай-ақ бизнестің өзіне бірқатар мәселелерді көтеріп, жауап алуға, Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» жобасын жүзеге асыру үшін қатысуға мүмкіндік береді,

Жоғарыда аталған мәселелерге орай кәсіпкерлерді форумға қатысуға шақырамыз. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ тарапы ұйымдастырушылық шығынның барлығын көтереді (кездесу, көлік, қонақ үй брондау, шекара арқылы жеңілдікпен өту, тамақтандыру).

Делегация тізіміне жолдау үшін «Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ үйлестірушісіне хабарласыңыздар: +7 771 907 68 68, khorgos.forum@gmail.com

Қытаймен сауда жөнінде кеңес алу үшін Қазақстан сыртқы сауда палатасына хабарласыңыздар: +7 7172 279 616, export@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер