astana-view

«Атамекен» республика аумағына кооперацияны жаппай енгізу үшін ел Үкіметінің алдында сәтті тәжірибені қорғауға дайын

2017 жылғы 02 Мамыр
- Жамбыл облысы
6635 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға барып, жергілікті мәселелерді талқылау үшін бизнесмендермен кездесті

Сапар барысынта Тимур Құлыбаевтың назарына Ордабасы ауданында іске қосылған екі пилоттық жоба ­– «Бөрте милка» мен «Ордабасы құс» ЖШС таныстырылды. «Бөрте милка» кешені Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз роботтандырылған сүт фермасы және республикадағы ең заманауи сүт фермалардың үштігіне кіреді. Қазіргі таңда «Гольштейн» тұқымындағы сауын сиырдың 408 басы бар, бұзауымен қоса есептегенде сиыр саны 700-ден астам. Ферма шведтік өндірістің соңғы техникасымен жабдықталған: мал азығы алаңында тоңазыту жүйесі, ауа райын болжау станциясымен бірге желдету жүйесі, сиырлардың семіздігін анықтайтын камера мен сауын аппаратымен сүт түтігі орнатылған. Сонымен қатар, робот барлық мәліметтерді есептеуі үшін әрбір сиырдың құлағына чип тағылған. Бір сиырдың орташа сауынынан 30-32 литр сүт алынады. Ал ең жоғарғы көрсеткіште бір сиыр күніне 50 литр сүт береді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері су тоғандарының әбден ескіріп, істен шыққандығы салдарынан су ресурстары шектеулі екенін алға тартып, осының салдарынан өсімдік шаруашылығы дамымай отырғанын айтып отыр. Ауыл шаурашылығы дақылдарын өндіру жыл сайын 5 мың гектарға артып келеді. Ал су ресурстары көбеймек түгілі, керісінше сарқылып жатыр. ОҚО кәсіпкерлері су мәселесін жоғары деңгейде шешуді сұрады.

Тимур Құлыбаевтың назарына ұсынылған тағы бір жоба «Ордабасы құс» компаниясы болды. Бұл ЕАЭО территориясындағы ірі заманауи кешеннің бірі, әзірге күркетауықты өсіретін Қазақстан және Орта Азия аумағындағы жалғыз жоба. Кәсіпорын өндірісінің 40% Еуроодаққа мүше мемлекеттерге экспорттайды.

Бүгінде «Ордабасы құс» ЖШС – ауыл шаруашылығында машина-тракторлық станциялары (МТС) бар кооперацияны жасауға бағытталған ірі инвестициялық жобаның үлгісі. Онда ең заманауи машиналық техника жабдығы бар. Жергілікті шаруа қожалықтарына жұмыс істеудің оңтайлы сызбасы ұсынылған: олар бар-жоғы станцияның атқаратын қызметіне тапсырыс береді. Станция олардың жерін жыртып, егу жұмыстарын жүргізіп, өнімді жинауын қамтамасыз етеді. Ал жасалған жұмыстың ақысын күзде, өндірілген өнім есебінен де беруге болады. Осылайша шаруа бір тиын жұмсамай, табыс табады. Аталған жоба толығымен ОҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бақылауымен жүзеге асырылып отыр.

Жем-шөпті дайындаумен айналысатын жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар, құс етін өндірумен және құс бордақылаумен айналысатын кооперацияларды басын қосып, өңірлік кластерді құру – кәсіпорынның алдағы жоспарында бар. 50 гектар жерде 25 күркетауық балапандарын өсіретін шағын кешендер салынады. «Ордабасы құс» бұл кешендерге күркетауықтың балапандарына арналған жем түрлерін жеткізетін болады. Сонымен қатар ветеринарлық қызмет көрсетеді.

Жалпы құс өсірушілер жылына 10 мың тоннаға дейін ет өндіруді жоспарлап отыр. Аталған кластерді құру мақсатында жаңа ауыл құрылысын бастау да жоспарланған. Ауыл тұрғындары жоғары технологиялық өндірісте жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев «Ордабасы құс» ЖШС базасындағы кооперация таныстырылымын жоғары бағалады.

«Жасыратыны жоқ, шаруалардың пікірі әр түрлі, егер кооперативтерге өз жер үлестерімен кіретін болса, соңында үлеспұлын жоғалтады деп ойлайды, – деп атап өтті Төралқа Төрағасы. – Бүгінде ұсақ шаруашылықтар өндірістік кооперативтерге біріктірілген жоба таныстырылды. Егер осы пилоттық жоба Оңтүстік Қазақстан облысында сәтті жүзеге асырылса, бұл тәжірибені бүкіл республикаға тарату үшін ел Үкіметінің алдында қорғауға дайынбыз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер