astana-view

Биыл Абай қаласында 22 ШОБ нысаны пайдалануға беріледі

2014 жылғы 23 Наурыз
3580 просмотров

Биылғы жылы Қарағанды облысының Абай қаласында 22 жаңа шағын бизнес нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы кәсіпкерлердің өңірлік форумы барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2014 жылы шағын және орта бизнестің 22 жаңа нысанын пайдалануға беру, жұмыспен қамтылғандардың санын 5 380 адамға дейін жеткізу, өнім шығаруды 3,2%-ға дейін арттыру жоспарлануда», - деді Ә.Ахметжанов. 

Ол сонымен қатар өткен жылы Абай қаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылғанын еске салып өтті, мұнда бір жылдың ішінде 225 адам жүгінген екен. 

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Абай қаласының 4 жеке кәсіпкері 56 млн теңге көлемінде заем алған. Тағы үшеуіне жаңа өндірістер ашуға 8 млн теңге грант беріліпті, 62 млн теңге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен тұрмысы төмен тұрғындарды шағын кредитпен қамтуға бағытталған. 

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде ШОБ субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 29 бірлікке артты. 153 қосымша жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнімдердің көлемі 19 %-ға өсіп, 7 млрд теңгеден асты», - деп түйіндеді әкімнің орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер