astana-view

Қазақстан мен Мексика кәсіпкерлері кездесуі өтті

2017 жылғы 05 Мамыр
- Астана қаласы
6338 просмотров

Мексика құрама штаттарының бизнес делегациясы Қазақстанға тұңғыш рет келіп отыр

5 мамыр күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында қазақстандық кәсіпкерлер және мексикалық бизнесмендердің кездесуі өтті. Аталмыш бас қосуды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен ҚР Сыртқы істер министрлігі  ұзақ келіссөздер нәтижесінде ұйымдастырып отыр.

Қазақстанға инвестициялық әлеуеті бар өндіріс пен тамақ өнеркәсібі, туризм, қонақ үй бизнесі, ІТ индустрия, мұнай-химиялық өндірісі, ауыл шаруашылығы салалары жұмыс істейтін  компаниялар иелері келген.  Айта кетелік, бұл кездесу мексикалық бизнесмендердің Қазақстанға келген бірінші ресми сапары.  

Олар Қазақстан нарығына қызығушылықпен қарайды. Делегацияны Мексика құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Андриан Елемесов бастап келді. «Қазақстан мен Мексика Құрама штаттары арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы басталды. «Атамекен» ҰКП алаңына Мексика құрама штаттарының ең ірі компанияларының өкілдері келіп отыр. Отандық бизнесмендерді қызықтыратын бастамалар баршылық. Өз алдына қонақтар да Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Мәселен, мексикалықтар да жылқыны өсіреді, етін жейді, бірақ қазы, жал-жая, қымыз сынды тағамдарды жасау білмейді. Сол тағамдарды жасау әдістерін қазақстар көрсетіп, екі ел нарығына саудаға шығаруға мүмкіндік бар», – деді елші.

2014 жылдың 3 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметі мен МҚШ Үкіметі арасында екі елдің дипломатиялық, қызметтік және ресми төл құжаттары бар азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісім жасалған.  2014 жылдың қыркүйек айында екі елдің ҚР Сыртқы істер министрліктері арасында саяси кеңес алуды орнату туарлы меморандум қабылданған. Латын Америка аумағында Мексика Қазақстанның  Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі болып табылады. 2016 жылы екі елдің сауда айналымы 61 млн АҚШ долларын құраған (экспорт – 685,6 мың долл., импорт – 60,4 млн долл).

Делегация құрамында «Jaitor Originales S.A» Автокөлік пен авиациялық бөлшектерді өңдеу компаниясы басшысы Хайме Перес Васкес, «Foodline S.A.» ет өнімдері, жартылай дайын өнімдер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін компания басшысы   Хорхе Салданья Мендес, «AviMendez, S.A.» авокадо өсіру шаруашылығы басшысы  Луис Карлос Мендес, «Russtrade OIR» Тау-кен өндірісі комапниясы басшысы Даниель А. Алаторре, «Combustibles Mar de Cortez S.A.» мұнай өнімдерін өңдеу кәсіпорны басшысы  Омар Гутьеррес Трухильо, «PrimeGlobal International» кедендік агенттігі басшысы Артемио Ибарра Эспино, «Laguna Azul / Net» қонақ үй бизнесі компаниясы басшысы  Ноэми Канто де Конде, сонымен қатар Мексика Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ауыл аудандарын дамыту министрлігі өкілдері болды.

Қазақстан тарапынан Қазақстан ет қауымдастығы, «Astana Innovations» компаниясы, «Азат» шаруа қожалығы, «Бәйтерек-4» ЖШС, Орталық Азиялық сауда үйі, Астаналық туризм қауымдастығы, Тау-кен, металлургия қауымдастығы, «Сараптама мен сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ өкілдері қатысты.  

Шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Аян Еренов шетел бизнесмендерін таныстырып, қонақтарға еліміздің экономикалық әлеуеті мен басымдықтарын айтты. Жалпы мексикалықтар қазақстандық бидайды сатып алуға дайын. «Foodline S.A.» ет өнімдері, жартылай дайын өнімдер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін компания басшысы   Хорхе Салданья Мендес Солтүстік Қазақстанда ақ жүгеріні өсіріп, Қазақстан мен Ресей территориясы нарықтарына арналған ақ жүгеріден жасалған чипстерді өндірмекші.

Кездесу барысында Елорда әкімдігі шетел бизнесмендерді қолдауға, Астана нарығымен таныстыруға дайын екендерін жеткізді. «Astana Innovations» компаниясының өкілі Абай Қожамжаров Астанада инвестициялық компанияларға жер учаскесі мен инфрақұрылым тегін көрсетілетінін айтып,  мексикалықтарға нақты ұсыныстар бойыншажұмыс істеуге шақырды.

Іскер сапармен келген қонақтар түрлі салалық министрліктер және ұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Бүгін қонақтар ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі,  Қазақстанның машина жасау қауымдастығымен кездеседі.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер