astana-view

Кеден одағы бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады – С. Тәкібаева

2014 жылғы 22 Наурыз
4574 просмотров

Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері құрған Кеден одағы бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы «Аврора» холдингінің өңірлік менеджері Сәуле ТәкібаеваBNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Оның сөзіне қарағанда, Кеден одағы – кедендік баж салығын жою және өзге мемлекеттер үшін бірыңғай кедендік тариф енгізу туралы мемлекеттердің келісімі. Кеден одағының негізгі мақсаты қатысушы мемлекеттердің экономикасын едәуір өсіру болып табылады. 

«Нарықты ұлғайту, бизнеске жалпы ережелерді енгізу есебінен қатысушы елдер жылына ЖІӨ-ге қосымша 1-2% өсім алады және 400 млрд доллардан астам пайда табады деп жоспарлануда», - деді Сәуле Тәкібаева.

Ол сондай-ақ Кеден одағының артықшылықтарына тоқталды. 

«Жергілікті нарықтардағы тауарлардың бағасы арзандап, сапасы артады, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылады», - деп толықтырды «Аврора» холдингінің менеджері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер