astana-view

Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

2014 жылғы 24 Наурыз
4562 просмотров

Павлодар облысында 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7%-ға артты, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі облыстық статистика департаментінің басшысы Д.Сұлтановаға сілтеме жасап.

«2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 178,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібі көлемі 10%-ға жоғарылады. Қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 22,7%-ға артық», - деді Д.Сұлтанова.

Физикалық көлем индексі болса 103,2%-ды құрап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер