astana-view

Кәсіпкерлер бизнеске кедергі жасайтын мемлекеттік қызметкерлерді жазалауды талап етеді

2017 жылғы 12 Мамыр
- Алматы қаласы
5942 просмотров

Алматыда бизнес ортаны жетілдіру жөнінде семинар өтті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес есебінен пайда табуды көздеп, әкімшілік кедергілерді көбейтетін мемлекеттік қызметкерлерді қатаң жазалауды ұсынып отыр. Тәжірибе көрсеткендей жасанды әкімшілік кедергі жасаған мемлекеттік қызметкер үшін қолданылатын ең ауыр жаза – жұмыстан босату. Ал жасанды кедергілерге тап болған компания қыруар қаржы мен уақытты жоғалтады, тіпті имиджін бұзып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Бизнесмендер әкімдік пен уәкілетті органдарда қызмет ететін кейбір айлакер мамандарды жауапқа тартуды талап етуде.

«Атамекен» ҰКП тапсырысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық зерттеу институты еліміздің барлық өңірлері бойынша зерттеу жұмыстарын өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың белең алған аймақтарды анықтады.

 Кәсіпкерлерге жасалған  сауалнама нәтижесінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Экономикалық зерттеу қызметі өкілдерінің ең ашкөзді екендері анықталып отыр. Олар оң шешім шығару үшін 167 мыңнан 772 мың теңгеге дейін пара  сұрайды.

Екінші орында кәсіпкерлерді қағасбастылықтан арылту үшін мемлекеттік сатып алулар мен экологиялық қызметтің алаяқ қызметкерлері 117-160 мыңнан 500-600 мың теңгеге дейін ақша сұрайды. Осы тізімде сондай-ақ, алматылық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Сәулет пен құрылыс басқарамасы өкілдері де бар.

Жалпы республика бойынша ахуал тура осындай. Тізімдерде дәлме дәл бірдей органдардың атауы. Олардың ерекшелігі тек параның көлемінде. Ақша беріп, мәселелерін тез шешіп алуға бәрінен бұрын Алматы мен Астана кәсіпкерлері дайын.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орныбасары Қайрат Құдайберген бұл кедергілерді жою үшін алдымен заңнамаға өзгерту жасау керек екенін айтып отыр.

«Бүгінде бір кәсіпкерді 61 мемлекеттік орган бақылауға алып, оның алдына 28 мың талап қояды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бақылауды жеңілдетуді ұсынып отыр. Біріншіден, таңдалмалы тексерулерді алып тастау керек. Екіншіден, мемлекеттік орагндарыдың 540 бақылау функциясының 139-ын алып тастау жөн. Үшіншіден, талаптардың санын азайту қажет. Мәселен, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті кәсіпкерлерге 11 500 талап қояды, олардың ішінде 9347-ін алып тастауға қол жеткіздік, 2244-і қажетсіз болып шықты, олар да жойылды», – деп хабарлады Қайрат Құдайберген.

Қайрат Құдайберген  осындай түрлі шаралар мен сауалнамаларға белсенді қатысуға шақырды. Осылайша бизнестің бірқатар мәселелері шешілмек.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер