astana-view

Тимур Құлыбаев Оралдағы өндірістік кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды

2017 жылғы 16 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
9606 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың жұмыс сапары Батыс Қазақстан облысына арналды. Палата басшысы ең алдымен Орал қаласындағы кәсіпорындардың жұмыс жағдайымен танысты

Делегация жұмыс барысын ең алдымен Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясынан бастады. Бұл өнеркәсіптік компанияның негізі 1981 жылы қаланған, 2003 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрылды. Бірнеше жыл бұрын кәсіпорынған өндірістік модернизация жасалып, жаңа импорттық жабдық орнатылды. Енді кәсіпорын жылына 30 мың тонна полиэтиленді қайта өңдеп, су, газ бен кәрізге арналған әртүрлі диаметрдегі құбырды шығаруға қуаты бар.

Бұл кәсіпорын – полиэтиленнен диаметрі 1600 миллиметр болатын құбыр шығаруды бастаған отандық алғашқы компания. Бүгінде зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна полиэтиленді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Өнім өндірісі жоғары технология мен стандарттардың талаптарына сай.

Компания басшысы Валерий Крылов «Атамекен» тарапынан көрсетілген қолдаудың ерекше екенін атап өттті. Зауыт «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені шамамен 650 млн теңгеге субсидиялауға мүмкіндік алды. Кәсіпкер мемлекет тарапынан жасалған осы қолдау қазіргі уақытта маңызды болып отырған нарықтағы бәсекелестікті арттыруға айтарлықтай ықпал ететіндігін жеткізді.

Жұмыс сапарында Тимур құлыбаев тағы бір өндірістік орын – Орал трансформатор зауытының жұмысымен танысты. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жыл бұрын ғана ашылған және оның ең басты бағыты қуаттылығы жоғары бөліп тарататын майлы немесе құрғақ трансформатор өндірісін шығаруға, сондай-ақ, жылына 10 мың данаға дейін тартым трансформаторы өндіруге арналған.

Кәсіпорын директоры Ақжол Сауранбаевтың хабарлауынша, былтыр трансформатор зауыты шетел инвесторларымен бірлесіп кәсіпорын ашып, электротехникалық құрал өндіру бойынша өзара келісім меморандумына қол қойған. Осы арқылы жұмыс орындары еке есе өсіп, экспорттың көлемін арттыруға жол ашылды. Зауыт өнімін Ресейден басқа, Иран, Ауғанстан және басқа да мемлекеттерге тасымалдауды көздеп отыр.

Ұлттық палата басшысы облыс бойынша банкоматтары мен мульти-дүңгершіктері ірі желісінің иесі «Халық банкі» акционерлік қоғамына барды. Айта кетелік, «Халық банкі» облыс халқының 90%-ын қамтып отыр. Облыс филиалы директоры Вадим Каблов «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасына банктің филиалдық желісі туралы баяндады. 

Тимур Құлыбаев мемлекеттегі экономикалық тұрақсыздыққа алаңдаушылық білдіріп, оның кәсіпкерлерге тигізетін зардабын айтты.  

Банктің облыстық желісі жетекшісінің айтуынша экономикалық тұрақсыздық өңірдің орта бизнесіне әсер еткенімен, шағын кәсіпкерлік өкілдеріне ауыр тиген жоқ. Банк қызметі құрылымын өзгерту жұмыстарын жүргізу арқылы жағдай баяу болса да дұрысталып келеді. 

Тимур Құлыбаевтың жұмыс сапары ары қарай Атырау облысында жалғасады, Төралқа Төрағасы өңірдің кәсіпорындарына барып, жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер