astana-view

Жұмыс берушілермен ынтымақтастық ­– колледж дамуының негізі

2017 жылғы 25 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
7628 просмотров

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар маман дайындау мәселесінде колледждермен ынтымақтастық орнату үстінде

К.Нұрғалиев атындағы колледж директоры Марат Нұрғалиевтың бастамасымен ШҚО Өңірлік палатасының қолдауымен Жұмыс берушілердің консультативтік кеңесі құрылып, жұмыс істеп отыр. Кеңес кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларының тәжірибелі бағытын арттыру, колледж түлектерінің бәсекелік қабілетін арттыру, мақсатты кәсіби дайындығын, қайта даярлау мен біліктілік арттыруды дамытуды мақсат тұтады.

«Азия авто», «A-Style», «TIKKURILA» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Өскемен», «Dedeman» қонақ үйлері және т.б. мекемелер кәсіби шеберлікті шыңдаудағы әлеуетті серіктеске айналды. Мекемелер студенттер мен оқытушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыстарына, кәсіби бағдар шараларына атсалысып, зертханалық өндірістік істерге араласуына жәрдем етеді.

«Жұмыс берушілердің консультативтік кеңесімен колледждің ынтымақтаса жұмыс істеуі тиімді, серіктес кәсіпорындардың мамандары білім беру бағдараламаларын әзірлеуге қатысты», ­– деп атап өтті колледж басшысы Марат Нұрғалиев.

Мамандар жұмыс берушілермен кездесу әрі жұмыс істеу кестесін дайындады. Кездесу барысында оқу процесі мен тәжірибеге өзара ықпал ету бойынша кеңес беріліп, пәнге қатысты бағдарлама мазмұнын өзгертуге ұсыныс айтылды. Онда курс, дайындық базасы мен өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар ескерілуі керек. Колледж бен жұмыс берушілердің осындай ынтымақтастығы маман дайындаудағы формалдықтың орын алмайтындығын көрсетті.

Білім беру мекемесі мен бизнес тарапы білім оқу бағдарламасына дұрыс енгізілген түзетулер студенттердің қабілетін сапалы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілермен тығыз байланыс орната отырып, жұмыс берішулер дайындауға атсалысқан негізгі оқу бағдарламаларының үлесі әлеуметтік серіктестік механизімін жетілдіруге ғана емес, анағұрлым ашық, ортаға айнала алатындығын көрсетті. Осылайша жергілікті кәсіпорындарды біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету мүмкіндігі зор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер