astana-view

Қой тұқымын қалай асылдандырамыз?

2017 жылғы 26 Мамыр
17278 просмотров

Қазақстан Республикасы қой шаруашылығының замануи даму кезеңіндегі селекциялық-асылтұқымдық жұмысының негізгі бағыттары

Әлемнің қой өсіру индустриясында еңбектеніп жатқан мамандар көбіне тез семіретін, етті, етті-жүнді тұқым түрлерін өсіруге басымдық беріп жатыр. Бұл үдеріс қой шаруашылығы экономикасында жүннен гөрі қой етінің үлестік басымдығының артқанымен түсіндіріледі. Көп мемлекетте қой шаруашылығы өнімінің жалпы табысындағы қой етінің салмақ үлесі  – 90%,  жүні –10%-ды  құрап отыр.

Ішкі нарық сұранысын қамтамасыз ету әрі экспортқа шығуды бағдарлау мақсатында қой еті, әсіресе бағасы арзан болып келетін тоқты еті өндірісін көбейту ең алдымен дәстүрлі және заманауи селекциялық-технологиялық, сонымен қатар биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы шешілмек.  

Асылдандыру жұмыстары не үшін қажет?

Тұқым түзетін үдеріс нарық сұранысына бағынышты келеді, және ішкі нарықты, экспортты сапалы етпен қамтамасыз етуге жол ашады.   Бүгінде қой шаурашылығында үкімет деңгейінде шешілуге тиіс өзекті мәселелер бар. Біріншіден, ветеринарлық қызметті жандандыру, тоңазытатын камералармен жабдықталған мал сою алаңдарын салу, қой етін анағұрлым көп тұтынатын мелекеттердің сұранастарына мониторинг жасау, логистикалық орталықтарын құру, етті өткізу нарықтарына жол ашу сынды жұмыстарды шешу керек.

Шешуін кейінге қалдыруға болмайтын шаруалар қатарына қойды асылдандыру, өнімділігін арттыру, тұқымды жетілдіруде ғылыми-зерттеу жұмыстарына терең бойлау қажет. Селекциялық жұмыс арқылы әр өңірде кемінде 2-3 тұқым түрін шығару, сол тұқымдардың биологиялық ерекшелігін, тағамдық құндылығын, экологиялық тазалығын  анықтау үшін зерттеу жұмысытарын ұйымдастыру   қажет.

Қойдың жаңа, нарық бәсекесіне төзімді тұқым түрлерін, тұқымдастарын шығару үшін  әлемдік нарықтағы жоғары сұранысқа ие импорттық етті және етті-жүнді қой тұқымдарының жергілікті қойларға қанын алмастыру жұмыстарын  жүргізу қажет.

Бүгінде сұранысқа сай шетелдік тұқым өндіруші қойдың 5000-нан астам басы керек. Бұл қойларды сатып алуда мемлекеттік субсидиялау жолдарын ескерген жөн, сонда қойдың құны арзанға түседі. 

Шаруа қожалықтарында нақты селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-ның ғалымдары қатысумен жасалатын асылдандыру жұмыстарының жоспары жасалу керек. Ғалымдар шаруашылықтарда әдіснамалық зерттеу жұмысатарын жүргізеді.

Селекциялық-асылдандыру жұмыстарындағы бағалау мен сұрыптау

Селекциялық асыландыру жұмыстарын жүргізуде негізгі талап жыл сайын өткізілетін бағалау мен сұрыптау жұмыстарын айтуға болады. Яғни малдың асылдығы мен өнімділігіне баға беру, класс, сұрып бойынша отарларды жасақтау, малды жас ерекшелігі және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлу жұмыстары болып табылады. Бұл жұмыстардың барлығы белгілі бір шаруа қожалығындағы қойдың өнімділігін арттыру үшін жасалады. Тек асыл тұқымды қойды өсіретін шаруашылықтарда еділбай, гисар, тәжік, етті меринос, басқа да отандық қой тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кірме будандастыру, тізбектік өсіру әдісін қолдау керек. 

Өнімділігі жоғары асыл тұқымды қой мен саулықтарын өсіретін қожалықтарында қойлардың селекциялық топтары жасақталады. Қойдың өніміділігі мен туу көрстекішіне бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бұл шаруашылықтарда саулықтардың барлығын қолдан ұрықтандыру жөн. 

Алайда, соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, шағын шаруа қожалықтарда жүргізілген селекциялық асылдандыру жұмыстары қой басының аздығы салдарынан тиімділігі төмен. Сондықтан селекциялық жұмыстарды кеңістігін ұлғайтып, бір қожалықта емес бір уақытта бірнеше қожалықтарды қамтып өткізу қажеттілгі туып отыр. Осы ретте мемлекет қолдап отырған кооперациялардың нобайы қолайлы. 

Ол үшін не істеу қажет?

1. Селекциялық асылдандыру жұмысын келешектік және жылдық күнтізбелік жоспарларға сәйкес жасалауы тиіс. Аталмыш жоспарлар ҒЗИ ғылыми қызметкерлерімен бірлесе жасалуы тиіс; 

2. Әр асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылықта генетикалық тұрақты өнімділікпен ерекшеленетін салуықтардың селекциялық тобының бір-екі отарын, өнімділігі жоғары қошқарлардың бірнеше тізбегін жасақтау;

3. Әр асыл тұқымды қой өсіретін қожалықта  тұқым қуалайтын тұрақты өнімділік белгілермен ерекшеленетін және өсіруге қолайлы келетін өзіндік малдың түрін жасау қажет;

4. Селекциялық асылдандыру жұмысына басқа да асыл тұқымды қойды өсіретін еншілес шаруа және фермерлік қожалықтарды тарту. Бұл жоспарға жеке шаруашықытардың қой басының саны енуі жөн;

5. Асыл тұқымды қойларды тарату аймақтарында отандық тұқымдардың репродукторлық шаруашылықтарын құру;

6. Асыл тұқымды қой түрлерін өсіретін шаруа қожалықтарына асыл тұқымды малдарға қоылатын сапа стандарттарына сәйкестігін анықтайтын сараптама жасау. Арапшылардың ішінде алада тәжірибесі мол ғылыми қызметкердің болуы жөн;

7. Саулық қойларды 100% қолдан ұрықтануын қадағалау;

8. Еліміздің «Бірлік», «Мерке», «Сарысу», «Алматы» асыл тұқымды мал зауыттары, «Отқажанар» ЖШС сынды кәсіпорындарында өсірілетін қой тұқымдарын  ғана пайдалану.

Статистика не дейді?

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2016 жылдың 1 қаңтарына жасалған мәліметіне сәйкес Қазақстандағы асыл тұқымды қойдың саны 15 600 мың басты құрайды. Оның етті-майлы құйрықты қойдың үлесі – 77%, биязы жүнді – 15,4%, жартылай биязы жүнді –6,4%, және елтірі – 1,2% құрайды.  Асыл тұқымды қойдың жалпы санынан қойдың салмақтық үлесі 15,2% (2375 мың бас) құрайды. Оның ішінде етті-майлы бағыттағы қойлар 63,9% (1519 мың бас), биязы жүнді – 27,3% (647,3 мың бас), жартылай биязы жүнді – 3,8% (90,4 мың бас) және елтірі – 5,0% (118,3 мың бас).

Қойлардың өнімділіқ қасиеттерін жетілдіруде отандық әрі шетелдік селекцияның өнімділігі жоғары тұқымдардың генофондын қолдану керек. Бұл жұмыста Қазақстан табиғатынның климаттық ерекшеліктерін, жем-шөптік қажеттілік, жайылымдар әлеуетін ескерген жөн.

Қой басын көбейтудің жаңа тәсілі

Мал басын өсіру мен өнімділігін арттыруды ынталандырудың бір тәсілі – асыл тұқымды желілер мен дистрибьютерлік орталықтарын құру. Қазіргі таңда қызметтің бұл түрінің маңызы зор, себебі қойды селекциялық-асылдандыру жұмысын қамтуға ықпал етеді, тиісінше олардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын арттыруға және жақсартуға әсері мол. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұқымдық және дистрибьютерлік орталық құру бойынша тәжірибе де оң. Атап айтқанда, Алматы облысындағы «Жетісу асыл тұқым» ӘКК тұқымдық орталығы 500 000 бас, ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Селекция орталығы» ЖШС қой меншіктің түрлі үлгісіндегі шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруалықтарда шамамен 200 000 бас саулық қой ұрықтанады. Өзге облыстардағы қой шаруашылықтары тұқымдық және дистрибьютерлік орталық жұмысына қызығушылық танытып отыр. Келесі жылы Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында тұқымдық орталықтарды ашу жоспарланып отыр, одан кейін Қарағанды, Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары қосылады.

Қазақстанда биязы жүнді қой өсіру Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дамыған, шамамен 25 млн биязы жүнді қой бар. Негізгі тұқым түрлері: қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-меринос, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ меринос, етті-меринос пен қазақстандық меринос. Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында биязы жүнді қойдың аздаған басы бар.

Республикада биязы жүнді қойды будандастыру 3 бағытта жүргізіледі: ет өнімдерін арттыру; жоғары сападағы биязы жүнді қой өсіру (18-22 мкм); құрама өнім – жүн мен ет өнімін сәйкестендіру.

Биязы жүнді қой шаруашылығында бірнеше тұқым бар: қазақтың етті-жүнді, қазақтың кробредті жүнімен биязы жүнді, ақжайықтың кробредті жүнімен етті-жүнді, қазақтың етті тез өсетін биязы жүнді және биязы жүнді типті дегерестік етті-жүнді тұқымдық қойы. Қойдың биязы жүнді тұқымы тез жетілетін жігімен, ұрықтылығымен ерекшеленеді, ет өнімділігі жақсы және тоқыма, жүн қосылған мата мен фетра дайындауда сапалы биязы жүн береді. Осы тұқымның қойларын қозы алу үшін басқа бағыттағы қойлармен будандастырады. Бияз жүнді қой шаруашылығындағы будандастыру биязы жүннің сапасын төмендетпей ет өнімін жақсартуға бағытталған.

Қаракөл қойын көбейту керек

Көптеген елдерде ет-май алуға арналған қой шаруашылығының пайдасы жоғары. Мал шаруашылығы өнімін өндірушілердің жекелеген санаттағы меншік иелері үшін табыс алуға мүмкіндік беретін жалғыз қыметтің түрі болып қала береді.

Ет-май үшін қой өсіруді дамыту мемлекетке аз шығынмен сапасы жоғары қой еті мен қозы етін көп мөлшерде шығаруға мүмкіндік береді. Бұған жоғары деңгейде жетілу, жергілікті табиғат жағдайына бейімделу, күй талғамау мен шөлді және шөлейтті аймақта ешқандай қосымша жем-шөпсіз жайыла алатындығы, қыс мезгілінде тебінге ыңғайлылығы басты негіз болады.

Елімізде ет-май беретін қойдың жеті тұқымы бар: еділбай, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, Сарыарқаның құйрықты қылшық жүнді қойы, дегерестің етті-қылшық жүнді қойы, қазақтың қаракөл жүнді құйрықты (Атыраудың етті-майлы елтірі) және ордабасылық; сонымен қатар жергілікті құйрықты қойлардың бірнеше тұқымы бар.

Құйрықты қойдың еті жақсы дәмімен, құнарлылығымен ерекшеленеді және жергілікті халық жоғары бағалайды. Қылшықты жүн киіз, пима басқанда қолданылады, жартылай қылшықты – кілем, тоқыма, пальто мен пиджак маталарын дайындауда, ұяң жүн – костюм мен көйлек матасын тоқуда қолданылады.

Осыған орай, бағалы тектік қорын сақтап қалу, оның санын арттыру, келешекте тұқымдық және өнімділік сапасын, көбею талабына сәйкес жақсарту ­– маңызды тапсырмалардың бірі.

Қазақстанда ғалымдардың бірнеше буындағы ғалымдар елтірінің жаңа түрлерін, әртүрлі түсі мен ерекше боуяларын тапты. Халықаралық аукциондарда сұранысы өте жоғары болды. Алайда, қаракөл қойының азаюынан белгілі бір түсі мен түрі бар елтіріні қажетті деңгейде өндіру мүмкін емес, бұл осы өнімге деген сұраныстың азаюына әсер етті.

Әлемдік нарық үшін әртүрлі түстегі қой санын арттыру, ал ішкі нарыққа өнімнің көптүрлілігін, оның ішінде етті де көбейту елтірі қой өсіруді дамытудың факторы болып табылады.

Қазақстанда жасалған қой тұқымдары өздерінің құрылысын, ішкі тектік түрлерін, тұқымдық ерекшеліктерін сақтап қалды. Озық тұқымдық отарлар ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген, асыл тұқымды қоймен будандастыру тәсілімен жеткілдіру арқылы да, шетелдік тұқымдардың тектік қорын пайдалану арқылы да ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп отыр

Сөз соңында...

Жалпы, қой шаруашылығындағы тұқымдық өсіру ісінің келешегі қолда бар тұқымдық генофондты, халықаралық стандарттарға сай болатын өнім түрлерінің сапасын сақтауды қамтамасыз ету деңгейімен анықталады. Осы бағытта, ең алдымен, еліміздегі қой тұқымын алудың негізі ретінде озық тұқымдардың басын сақтап, олардың мәнін арттырып, мемлекет тарапынан мақсатты несие, дотация бөлу, секілді көрсетілетін нақты қолдаумен қамтамасыз етіп, селекциялық-асылдандыру жұмысын жақсартуға, асыл тұқымды төл өсіруге бағыттау керек.  

Кеңесхан Әбділденов,

«Қазақстан қой өсірушілерінің одағы» ЗТБ президенті


Еншілес ұйымдар

Серіктестер