astana-view

Тимур Құлыбаев: Инновацияны енгізе отырып, отандық үлесті арттыруды назардан тыс қалдырмау керек

2017 жылғы 29 Мамыр
- Ақмола облысы
10266 просмотров

Көкшетауда Беларусия-Қазақстан машина жасауының ең қуатты кластері таныстырылды

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында «Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы» ЖШС жұмысымен танысты.

«Көшетауда ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техниканың өндірісі үшін кәсіпорнын құру – Қазақстан мен Беларусияның машина жасау саласындағы өзара іс-қимылының сәтті үлгісі», ­– деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Парк жобасында тіркеме, тайлағыш-жинағыш, аспалы жабдық, орама мен азық дайындайтын жабдық, экскаватор, түрлі габарит пен түрлем жүк тиегіштерін жинаудың өндірістік желісінің толық кезеңі қамтылған. Таяу уақытта МАЗ автокөлік шассиінің базасында коммуналдық техника өндірісін бастау жоспарланған.

«Осындай инновациялық жобаларды жасау – еліміздің экономикасының дамуына, нарықты жоғары технологиялық жабдықпен молайтуға әсер етері сөзсіз. Алайда, қазақстандық үлесті арттыру, отандық өнімді өткізу туралы да ұмытпаған жөн», ­– деді Төралқа Төрағасы.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) алғашқы бес жылдығы аясында 121,5 млрд теңге сомасындағы 49 жоба пайдалануға беріліп, 5,2 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, ҮИИДМБ-ның екінші кезеңіне Ақмола облысынан жалпы сомасы 727 818 млн теңге болатын, 8 406 жұмыс орнын ашатын 62 инновациялық жоба енгізілді.

Сонымен қатар, іссапар барысында Төралқа Төрағасы «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ филиалына да барды.

Бүгінде Ұлттық банктің филиалдық желісі ауқымды, облыста да, еліміздің әрбір өңірінде де бар. Ақмола өңірінің барлық аудан орталықтарында ашылған. Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ашылған кеңес беру орталықтары жұмыс істейді.

Филиал директоры Гүлнар Хусаинованың айтуынша, банк қызметкерлері кәсіпкерлерге қаржыландыру, салық салу, мемлекеттік қолдау құралдарын құрылымдау мәселелеріне қатысты кеңес береді.

Тимур Құлыбаев банк секторы экономиканың нақты секторында қаражатты бөлудің тиімді құралдарының бірі екенін, олардың өзара іс-қимылы жемісті болуы үшін жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер