astana-view

Алматыда кәсіпкер 4 жыл бойы жер мәселесін шеше алмаған

2017 жылғы 02 Маусым
- Алматы қаласы
5685 просмотров

Кәсіпкерге жердің пайдалану мақсатын өзгертуге көмектесті

Жер учаскесінің пайдаланылу мақсатын төрт жыл бойы өзгерте алмаған «Мукаева С.А.» жеке кәсіпкерлік директоры Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Кәсіпкер 2012 жылыдың 7 қарашасында жеке меншікке 0,0204 гектар көлемінде жер учаскесін сатып алған. Сатып алған уақытта жер учаскесі Алматы облысы Қарасай ауданының қарамағында болған және «қолданыстағы ТП-145 кВт қызмет көрсету» пайдаланылу мақсатына арналған. Кәсіпкер жердің пайдаланылу мақсатын «көлікке қызмет көрсететін нысан» деп өзгерткісі келген, алайда Алматы әкімдігі өзгертуден бас тартып, тиісті қаулы да шығарған.

Кәсіпкер құқығы мен заңдық мүддесін қорғау үшін Наурызбай аудандық сотына жүгінген. Сот 2016 жылы 19 қазанда шағымды толық қанағаттандырып, кәсіпкердің пайдасына шешім шығарып, әкімдіктің қаулысын заңсыз деп таныды.

Мұнымен қоса, сот шешімінің заңды күшіне енуінен бастап, сот Алматы әкімдігін С.А.Мұқаеваның құқығы, бостандығы мен мүддесін бұзғанының орнын толтыруға міндеттеді.

Аппеляциялық сот қаулысымен Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды, ал жауап берушінің аппеляциялық шағымы қаралмады. Шешім хабарлаған күннен бастап заңдық күшіне енген.

«Біз Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде осы мәселені көтердік, бүгінде толық шешімін тапты. Кәсіпкер жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзі қалағандай дәрежеге ауыстырды, бизнес-қызметін жұзеге асыра алады», - деп түсіндірді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Ильяс Қасенбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер