astana-view

Кооперативке бірігу тиімді

2017 жылғы 06 Маусым
- Жамбыл облысы
3431 просмотров

Жамбыл облысы шаруаларына ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігудің артықшылықтары туралы семинар өткізілді

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің облыстың жеке және қосалқы шаруашылықтар өкілдері үшін өткізілетін тегін оқыту семинарларлары жалғасып келеді. 

Бұл жолы «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтынан келген профессор Ғалия Үйсімбаева қатысып, ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлік кооперация жүйесіне, жерді ұтымды пайдалануға бөгет болатын кедергі және олардың жою жолдарына тоқталды.

«Ұсақ шаруа қожалықтары үшін қаржыландыруға қол жеткізу қиын. Материалдық техникалық базалары да төмен, ауыл шаруашылығы техникасының жеткіліксіздігі, тұқым, тыңайқыштар, жем, жанар-жағар май және т.б құралдарын алуға қаржының жетіспеушілігі де орын алады. Көптеген шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдаудың шаралары субсидия, несиелендірудің кепілсіз жеңілдіктерін пайдалану оңайға соқпайды», – деді Ғалия Үйсімбаева.

Профессордың айтуынша, қазірде ҚР «Ауылшаруашылығы кооперативтері» туралы ортақ бір заң бар. Кооператив мүшелері барлығы тең құқықты. Яғни, қазіргі кооперативтер бұрынғыдай «колхоз» емес. Әрбір мүшелік еткен шаруа иесі өткізген техникасы, жері мен мал, мүлкі өзінің жеке меншігінде қала бермек. Заңды тұлға ретінде де, экономикалық тұрғыда да шаруа қожалық сақталады. Сонымен қатар, кооперативке мүшелікті келер ұрпаққа мұра етіп қалдыруға да болады.

3-4 адам бірігіп те кооператив құруға мүмкіндік бар. Тек, мемлекеттің көрсететін жеңілдіктері мен қолдауынан қағылады. Себебі, субсидия кемінде кооперативтің құрамында 20 мүше болған жағдайда ғана төленеді. Осылайша, семинарда кооперативке бірігудің тиімді тұстарына ауыл шаруалары жан-жақты қанық болды.

Байзақ ауданы Қостөбе ауылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің базасындағы «Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтында» өткен семинарға 22 шаруа иесі қатысты.

«Өткен жылы құрылған егін шаруашылығы бағытындағы «Сарыөзек» АӨК кооперативіне бүгінде 42 шаруа қожалық мүше. Шаруалар жалпы 38 гектар жерге қылша, жүгері, көкөніс егіп, нәтижесінде минералды тыңайтқыштарды пайдаланылғаны үшін мемлекет гектарына 60 000 мың теңгеден субсидия төлеген. Онымен қоса, техниканың бірқатарын сатып алған. Мұның бәрі – шағын шаруашылықтардың іріленуінің арқасы», – дейді  кооператив басшысы Шаяхмет Ибраимов. 

Егін шаруашылығына арналған семинар тәжірибелік сабақтармен ұштасты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды


Еншілес ұйымдар

Серіктестер