astana-view

ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен ЕАДБ бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ

2017 жылғы 15 Маусым
10664 просмотров

Еуразиялық даму банкі мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі меморандумға қол қойды

ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Еуразиялық даму банкі Банктің қатысушы-мемлекеттерінің аумағында жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға бағытталған серіктестік байланыс орнату мен ұзақ мерзімді әрі тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Тиісті құжатқа Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Дмитрий Панкин мен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко қол қойды. Бұл іс-шара Астана экономикалық форумы аясында жүзеге асты.

«Атамекен» ҚР ҰКП мен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Шетелдік тәжірибеде кооперациялық және интеграциялық процестер айтарлықтай деңгейде еңбек өнімділігінің өсуіне, транзакциялық шығындарды азайтуға, ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Мұның барлығы да, өз кезегінде өндірістің өнеркәсіптердің дамуына, жұмыспен қамтудың артуына, материалдық-техникалық базаның жаңаруы мен жаңғыруына әсер етеді. ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен ЕАДБ арасында жасалған меморандум еуразиялық интеграцияның тереңдеуі мен дамуына және Одақ елдері экономикасының өсуіне жасалған нық қадам», – деді.

Тараптар ЕАДБ қатысушы-мемлекеттерде интеграциялық құрылымы бар жобаларды дайындау мен оны жүзеге асыру үшін инвестиция тартуға келісті. Қос тарап бірлесе отырып, сараптамалық, ақпараттық-талдамалық қызметті атқаруға және оның нәтижесі жобаларды дамыту мақсатында қолдануға ықылас танытып отыр.

«Еуразиялық даму банкінің стратегиясына сәйкес, Банкте интеграциялық тиісті жобаларды қаржыландыруға көңіл бөлінген. Мемлекеттердің интеграциялық кооперациялық мүмкіндіктерін анықтай отырып, ЕАБД мен ЕАЭОС Іскерлік кеңесін өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу жұмысын жалғастырады, осылайша Банктің қатысушы-мемлекеттерінің тұрақты экономикалық дамуына және олардың арасында сауда-экономикалық байланысты инвестициялық қызметті атқара отырып кеңейтуге ықпал етеді», – деп пікір білдірді ЕАДБ басшысы Дмитрий Панкин.

Сонымен қатар ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко Іскерлік кеңес Төралқасының сәуір айында Бішкекте өткізілген отырысында ЕАЭО елдерінің аумағында көлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға қатысты жобаларды Жібек жолы Экономикалық белдеуінің жобаларын түйістіруде іріктеу басталғанын хабарлады.

«Біз келісімнің осы нұсқасында үйлестіруші ретінде Қытаймен және сауда келіссөздері бойынша өзге де әлеуетті серіктестермен Сауда экономикалық өзара іс-қиямыл жөніндегі комитетті ұсынамыз. Бізге Еуразиялық даму банкінің іскерлік бестктегі кемінде 2-3 елдің мүддесін біріутіру туралы бастамаға қатысты талдау жасауы маңызды. ЕАЭО-ның маңызды даму институтының тарапынан осындай әрбір баға инфрақұрылымды реттеу үшін жүйеленген тәсілді дайындауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер