astana-view

Шетелдік ноу-хау жобалары таныстырылды

2017 жылғы 23 Маусым
- Астана қаласы
8144 просмотров

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы және елордалық кәсіпкерлер «Экспо-2017» аясында түрлі шараларға белсенді қатысуда

Шетел қонақтарымен өткен түрлі семинарлар мен таныстырылымдарда отандық кәсіпкерлер әлемдегі инновациялық технологиялар жайлы ақпарат алып, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда.

Мектеп, университет, балабақшаны жабдықтау бойынша фин инновациялық жобасы таныстырылымында отандық кәсіпкерлер ыңғайлы модульдік жұмыс кеңістіктерін құру, антивандальді және антибактериалы жиһаздар туралы көп ақпарат алды. Isku Interior өндіруші фин компаниясының сауда жөніндегі вице-президенті Oy Тапио Сиевиляйненнің айтуынша концерннің басты ерекшелігі – әр клиентпен дара жұмыс істеу және жоғары функционалды жиһаз жасау болып табылады.

 «Біздің жиһаз, үстелдер, орындықтар өзара бекітіледі, осылайша түрлі конфигурация жасауға болады. Бөлменің ерекшелігі мен ауданына қарай жиһаздарды ыңғайластыруға болады, сондай-ақ, олардың биіктіктері де реттелмелі», – деді Oy Тапио Сиевиляйнен.

Осылайша, Финляндия оқу орындары сыныптарда бос кеңістіктер ұйымдастырып, интерактивті копфункционалды кешендерді жасау арқылы балалардың білім деңгейін көтереді. Сиевиляйнен мырзаның айтуынша Isku Interior компаниясы 2009 жылдан бастап бірнеше қазақстандық компаниямен жұмыс істеп келеді, олардың ішінде Астананың «Мирас» пен «Назарбаев зияткерлік мектебі» бар. Isku Interior туралы қазақстандықтар тек жағымды пікірде. Фин компаниясының тағы бір жаңашылдығы – бактерияға қарсы жиһаз «Экспо-2017» Халықаралық көрмесі аясында таныстырылады. Жиһаз құрамында мыс пен күміс бар. Жиһаз құрамындағы инновациялық қосындылар қоғамдық орныдардағы бактериялар мен инфекциялық ауруларды алдын алады. «Өйткені зерттеулер бойынша инфекциялық аурулардың 80%-ы бөлмедегі ластанудан пайда болады, – дейді спикер.

Бүгінде бұл компания Финляндияда жиһаз сатудан көш басшы, сондықтан Isku Interior «Экспо-2017» көрмесінде Финляндияның павильон серіктесі болған. Жалпы фин сарапшылары халықаралық көрменің ұйымдастырылуына жоғары баға берді және көрмеден жақсы нәтиже күтеді.  

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы мен елорда кәсіпкерлері  сонымен қатар энергияны қайта өндіру бойынша Франция павильоны ұйымдастырған семинарға қатысты. Семинар аясында қоршаған ортаны қорғау, қазақ және фрнацуз тараптары биогаз өндірісін көбейту және тұрмыстық қалдықтарды қайта өндіру бойынша инновациялық жобалары таныстырды.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер