astana-view

Астанада сауда-логистикалық кешені ашылады

2017 жылғы 23 Маусым
8987 просмотров

Jumore компаниясы Астанада көпфункционалды алаң құруды ұсынды

«Атамекен» алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен қытайлық Jumore электронды сауда компаниясының президенті Ли Хунсянның кездесуі өтті.

Jumore компаниясының басшысы Астанада көпфункционалды сауда-логистикалық кешен ашуға қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді. Кешенде логистикалық хаб, тараптар арасында транзакцияны қамтамасыз ету үшін қаржы орталығы және сауда орталығы болады. Клиенттерге сертификация мен кедендік тазалау қызметтері ұсынылады.

Jumore – электронды сауда алаңы. Компания әлемнің түрлі елдерінде осындай көпфункционалды сауда-логистикалық орталықтарын ашу жоспарын 2019 жылдан бастап жүзеге асыра бастайды. Мұндай орталық Қытайда ашылған. 2019 жылы Сиань қаласында «Бір белдеу – бір жол» саммиті өтеді және Jumore ол жерде офлайн-сауда кешенін ашуды жоспарлап отыр.

Бұл қызмет саласын кеңейту стратегиясының бір бөлігі. Jumore компаниясы В2В (бизнес бизнеспен) форматында трансшекаралық электронды сауда мәселесімен айналысатын алғашқы компаниялардың бірі. Ли Хунсян мырза атап өткендей, жақын арада, яғни осы жылдың тамыз айында Jumore бөлшек саудаға, В2С форматына өтеді. Көпфункционалды логистикалық орталық түріндегі офлайн формат – нарықта Jumore таралуының ары қарайғы жалғасы.

Jumore тарапынан Астанада осындай сауда орталығының құрылысы туралы ұсыныс беруі – қытай бизнесі тарапынан Қазақстанның логистикалық және экспорттық әлеуетіне көрсетілген қызығушылықтың белгісі.

Келіссөз барысында Jumore президенті электронды сауда алаңында тіркелген барлық мемлекеттер үшін қатысу ақылы екенін атап өтті. Бірақ олар Қазақстан үшін ерекше жағдайлар жасайды. Біздің кәсіпкерлер алаң қызметін 6 ай бойы тегін пайдалана алады. Бұл былтыр Jumore компаниясымен жасалған меморандумның нәтижесінің бірі.

Сонымен қатар Jumore компаниясының президенті «Үлы дала елі» бағдарламасының қатысуға қызығушылық танытты.

Оның үстіне Jumore компаниясымен ынтымақтастық – Қытай нарығына шығудағы маңызды құрал. Қытай нарығына кіру нарық ерекшелігімен, оның ішінде импортты реттеу ерекшеліктерімен байланысты бірқатар мәселелердің шешілуімен түйіндеседі. Jumore алаңына қатысу осы мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Jumore ынтымақтастықты орната отырып, компания «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстан темір жолы», «Қазпочта», Almaty Tech Garden секілді ірі компаниялармен, Алматы мен Астана әкімдігімен жұмыс істеуді бастады. Қазақстандық компаниялар эклектронды сауда алаңына шығуды бастап та кетті. Бүгінде Jumore алаңында шамамен қазақстандық 50 компания тіркелген. Мысалы «Алина бояулары», «Лепсі балы» және т.б. бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер