astana-view

Қазақстанда генетикалық зертханасы бар тұқымдық орталық ашылады

2017 жылғы 26 Маусым
10010 просмотров

Тимур Құлыбаев «Байсерке-Агро» кешенінде шаруаларман кездесті

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асқар Әмрин, Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэрдің қатысуымен өткен Агроөнеркәсіп кешені комитетінің көшпелі отырсында аталған салаға жаңа технология енгізу мәселесін талқылады.

Ұлттық палата басшысы республиканың экономикалық дамуындағы ауыл шаруашылығының рөлін Елбасы бірнеше рет нақтылағанын атап өтті.

Тимур Құлыбаев Агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы әрдайым айтып келеді. Оның пікірінше, ауыл шаруашылығы экономиканың тікелегей азық-түліктік және елдің экономикалық қауіпсіздігін, жұмыспен қамтуын және Қазақстан халқының жартысы тұратын ауылдық жерлердегі әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыратын сала.

«Ел халқының сенімді өсуі азық-түлік өнімдерінің артуына және анағұрлым сапалы өнімдерді пайдалануға көшуіне алып келеді. Қазақстанның түрлі климаттық аймақтарында ауқымды егістік алқаптары бар. Бұл агроөнеркәсіп кешенінде экологиялық таза өнімдерді алуға мүмкіндік береді әрі осы сапалы дақылдарға көршілес елдердің қызығушылығы жоғары. Ал өткізу нарығының кеңдігі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әлеуетін арттырары анық», – деп есептейді Төралқа Төрағасы.

Сонымен қатар Тимур Құлыбаев Қазақстан аумағында ауыл шаруашығы теникасын, қосалқы бөлшектер мен аспалы жабдықтарды шығару және техникаға тиісті сервистік қызметті ұйымдастыруды шоғырландыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қонақтарға тамшылап суару жүйесі, заманауи ауылшаруашылық техникасы, алматылық ғалымдардың ғылыми жобалары таныстырылды. «Байсерке-Агро» компаниясының ең негізгі мақтанышы деп ірі қара мал мен доңыз эмбриондарын өндіретін биотехнологиялық зертхананың құрылуы, сонымен қатар жылына 85 мың бас шығаратын 3 мың мекиенге шақталған селекциялық-генетикалық орталықтың (нуклеус) құрылысын атауға болады.

«Мал шаруашылығы бойынша Қазақстанда өндірудің деңгейі тым төмен. АҚШ-та бұл көрсеткіш 195-ке тең, Батыс Еуропада –120, ал елімізде 60-қа тең. Қыркүйек айында іске қосылатын Асыл тұқымды мал орталығы 20 жылға ілгері жүруге мүмкіндік береді. Асыл тұқымды малды шетелден әкелу тиімсіз. Әкелінген малдың 30%- ғана жерсініп, тірі қалады. Ал генетикалық орталық эмбриондарды әкеліп енгізгенде кез келген дені сау сиыр асыл тұқымды бұзауды төлдейді. Бір ғана эмбрионнан он шақты бұзау алуға болады. Осы әдісті жылқы мен түйе шаруашылығында да кеңінен қолдану керек», – деді «Байсерке-Агро» компаниясының директоры Алтай Кенжебаев.

«Байсерке-Агро» кешенінде өткен кездесу барасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің генетикалық зертхана жобасына 30 млн теңге несие бөлетіні айтылды.

«Осындай асыл тұқымды мал орталығы АҚШ-та ғана бар. Қазірдің өзінде ынтымақтасу туралы ұсыныстар Ресей мен Қытай кәсіпкерлерінен түсіп жатыр. Қазақстандық репродукциялық мал орталығының осы алып нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. «Атамекен» ҰКП «Байсерке -Агро» базасы негізінде екі жыл қатарынан отандық фермерлерді біліктіліктен өткізіп, оқыту семинарларын ұйымдастырып келеді», – ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Фермерлер Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтан мемлекеттік субсидиялауды алуға көмектесуді сұрады. Шаруалардың айтуынша ауыл шаруашылығы секторына қатысты шаралардың көбі олардың қатысуынсыз өткізіліп, арты түйіткілдерге әкеп соғатынын жасырмады.

Тимур Құлыбаев ауыл шаруашылығы секторында еңбектеніп жатқан ғыламдар мен кәсіпкерлер арасында жастардың басымдығын атап өтті. Бұл жақсы үдеріс.

«Атамекен» ауыл шаруашылығындағы бизнесмендерді қолдау бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді, бүгін айтылған әрбір өтінім қарастырылады», –деді Төралқа Төрағасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер