astana-view

Болат Палымбетов Талдықорғанда кәсіпкерлерді қабылдады

2017 жылғы 29 Маусым
- Жетісу облысы
8086 просмотров

Талдықорғанға барған сапары аясында ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді жеке қабылдады. Өңірлік бизнестің өкілдері өздері тап болған көкейтесті мәселелерін айтты.

Әкімшілік сот шешімін орындамайды

Бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауында болған «МКС-Плюс» ЖШС-нің өкілі Вячеслав Бородин Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ-мен болған қиын жағдай туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта компания тұрғындарға қызмет көрсету үшін Қазақтелекоммен келісіп, өз коммуникацияларын (оптоталшықты кабель) төсеу үшін рұқсат сұрап, келісімін алуға мәжбүр. Сонымен қатар, қалалық кабелдің кәрізін пайдаланғаны үшін жалдау құнын төлейді және т.б.

Бұрын мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, бірқатар мәселелер бойынша хаттамалық шешім қалалық әкімшілікке жіберілген болатын. Сөйтсек, қаладағы коммуникациялық байланыс желілеріне тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы мен жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі (ТҮКШ ЖК және АЖ) иелік етеді екен.  

Бірқатар мемлекеттік органдарға өтініш бергеннен кейін компания сотқа мүлікті заңдастыру шешімін, қабылдау комиссиясының актін, Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тануды сұрап, талап арыз берді. Сонымен қатар, «МКС-Плюс» жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп танылуын талап етіп, жылжымайтын мүлікке ие болу құқығын тіркеудің күшін жойып, «Қазақтелеком» АҚ-на  филиалы – «Алматытелекомды» телефон (кабель) кәріздерін Талдықорған қаласының әкімдігіне беруге мәжбүрлеуін талап етті.

«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот мүлікті заңдастыруды, қабылдау комиссиясының актін, қала әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тапты, сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді және жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағаны туралы жазбаның күшін жоғалтуды жарамсыз деп тапты.

Алайда, қазіргі уақытта, жергілікті атқару органдарымен жерасты шахталарын балансқа алу мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр, бұл рәсім конкурстар өткізу негізінде өзге де  интернет қызметтерін жеткізушілерге шахта беруге мүмкіндік берер еді», ­– деп, түсіндірді кәсіпкер.

Бизнес-омбудсмен іске өз бағасын берді және әкімдік соттың шешімін бұзғандықтан, бұл жағдай тіптен күлкілі деп атап өтті. Сондықтан ол кәсіпкерлер палатасына қала әкімімен кездесіп, мәселені толық шешуді тапсырды.

«Тағы да көмек берейік!»

Ержан Қалдыбеков бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауына екінші рет жазылды. Бизнес-омбудсменнің арқасында кәсіпкерге қатысты қозғалып, үш жылдан астам уақыт жүргізілген іс оның пайдасына шешілген болатын. Дегенмен кәсіпкер жаңа кедергіге тап болды. Бұрын, 2013 жылы Қалдыбеков Қырғызстан Республикасынан (ҚР) балға арналған шыны банкалар сатып алған болатын. Ол еш кедергісіз ҚР-ның мемлекеттік шекарасынан, Жамбыл облысындағы «Қарасу» кеден бекетінен өтіп, транзиттік декларация алып, бекеттен шыққан. Мемлекеттік уәкілетті және құқық қорғау органдары контрабанды жолымен жеткізілген тауарды анықтаған жағдайда тексеру жүргізіп, тауарды алып қоюға құқылы. Тауарды анықтаған жерде қамауға алады.

Ол кезде «Талдықорған» кеден бекетінің қызметкерлері  ЖК «Қалдыбековтың» тарапынан контрабанды фактісі анықталды-мыс деп, іс қозғаған болатын, алайда нақты дәлелдер болмағандықтан, қылмыстық істі тоқтатуға мәжбүр болған. Алайда Талықорған бекеті қызметкерлерінің істі білікті түрде жүргізбегендерінің салдарынан кәсіпкер осы үш жыл, жеті айда айтарлықтай шығынға батты. Енді «Талдықорған» кедендік бекетінің қызметкерлері қылмыстық іс тоқтатылып, ЖК «Қалдыбековтың» іс-әрекеттерінде заңға қарсы әрекеттердің жоқтығына қарамастан, құжаттардың мерзімі өтіп кеткендігін алға тартып, тауарды тіркеуден бас тартып отыр.

«Осының бәрі нәтижесінде шығынға әкелді. Балды қаптамалау өндірісі тоқтап тұр, қырғыз тарабымен жасалған келісімшарттар бұзылды. Талдықорғандағы УСҚ-ның қызмет құны күн санап өсуде», - деді кәсіпкер.

ЖК «Қалдыбековтың» шыны ыдыстары сақтаулы тұрған УСҚ тауарды беруден бас тартып отыр, өйткені сақтау қызметі үшін қарыз 2,5 млн теңгедей болады, ол  тауардың өзіндік құнынан 21 есе артық.

Өз кезегінде Болат Палымбетов істі шешу үшін жәрдем беретінін мәлім етті.

Ветеринарлар заң бұзып отыр

Бизнес-омбудсмен Ақсу ауданындағы ветеринария салсындағы заңбұзушылықты сорақы деп атады. «Нұр мекен» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Ормановтың айтуынша, өзі жоқ кезде аудандық ветеринарлық қызметтің қызметкерлері арнайы рұқсатсыз және тиісті құжатсыз жануарлардан қан алып, аусылға қарсы екпе жасаған. Дәл сол уақытта мамандардың қолында ешқандай рұқсат қағаздары болмаған. Сонымен қатар, биылғы жылдың сәуір айында дәл сол қызмет өкілдері тиісті құжаттарсыз аусыл жұқтырды-мыс деген желеумен 11 бас ірі қараны шаруашылықтан алып кеткен. Осыдан кейін кәсіпкер ол жануарларды көрмеген.

«Аудандық деңгейде менің берген өтінішім жауапсыз қалып отыр. Жақында облыс прокурорына жүгінген болатынмын, ол өз кезегінде Ақсу ауданы ветеринарлық қызметінің қызметкерлеріне деген наразылығын білдірді.  Енді сізге жүгініп отырмын, сіздің араласуыңызды өтінемін. Бұл уақыт арасында түсінгенім, ветеринарлық қызметте өз ісімнің дұрыстығын дәлелдей алмаймын. Өйткені бізде бүгінде тәуелсіз зертханалар жоқ», - деп, атап өтті Мұрат Орманов.

Бизнес-омбудсмен бұл іске дереу араласу керек деді.

«Ветеринарлық станцияның қызметкерлері қалайша кәсіпкердің келісімінсіз және рұқсат қағаздарынсыз сараптама жасап, малды алып кетеді? Біз бұл мәселені мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында көтереміз», - деді бизнес-омбудсмен.

 Сондай-ақ, жеке қабылдау барысында кәсіпкерлер субсидиялау, сәулет және қала құрылысы салаларындағы проблемелар туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Палымбетов жұмыс сапары барысында, Іле ауданына барып, Өтеген батыр кентінде кәсіпкерлерді қабылдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер