astana-view

Көлік бақылауындағы сыбайлас жемқорлық азая ма?

2017 жылғы 29 Маусым
6999 просмотров

Көлік бақылауы инспекциясы 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге түскен 61341 арызды қараған

29 маусым күні «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі кезекті отырыста аталған саладағы сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылады.

Басқосуға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарама Төрағасының орынбасарлары Елдос Рамазанов пен Рустам Жүрсінов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанбаев және тағы басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен Кеңес мүшелері қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Жол картасын жүзеге асыру аясында жүргізілген талдау қорытындысында 2016 жылы көлік саласында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші жоғары екені анықталды. Осы саладағы кәсіпорындардың 35% сыбайлас жемқорлық сызбасына тап болады.

«Құқық қолдану тәжірибесін талдау көлік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық қылмысының өскенін көрсетеді. Егер 2016 жылы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалса, осы жылдың 5 айында 16 дерек тіркелген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмысы барлық жерде бірдей сипат алады», – деді Алик Шпекбаев.

Жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов елімізде қалыптасқан көлік бақылауында ашықтық жоқ екенін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес мүшесі Меруерт Қазбекова,  Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Токушев, Бас көлік прокурорының орынбасары Бақытберген Қасымбаев көлік саласындағы мәселелер туралы егжей-тегжейлі мағлұмат берді.

«2016 жылы көлік бақылауы инспекциясы мемлекеттік қызмет көрсетуге 61341 арыз қараған. Олардың ішінде 14087 арыз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен, ал электронды үкімет порталы арқылы 47254 арыз, яғни 77% келіп түскен. Көлік бақылауын 4 станционарлық және 37 жылжымалы пост жүргізеді. Олардың қызметін Ситуациялық орталық тәулік бойы аудио, видео мониторингі арқылы бақылайды. 2017 жылдың 5 айында Көлік бақылауының 53 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылған», – деді Меруерт Қазбекова.

Кеңес талқылауы барысында көлік бақылауының ашық болмауы, ел ішінде Комитет инспециясының әрекеті келісімсіз әрі үйлестірілмегені, бақылаудың заманауи ақпараттық жүйесінің болмауы сыбайлас жемқорлыққа апаратын бірден-бір жол екені айтылды.

Тексеру барысында елімізде шет елден жеткізушілерді бақылау әлсіз екені белгілі болды, олар ел ішінде ешкімге бағынбай, емін-еркін жүреді. Нәтижесінде – мемлекеттік қазынаға миллиондаған доллар шығын келеді. Автокөлік тасымалы мәселесін зерттей отырып, бұл салаға мемлекеттік реттеу тым артық жүргізілетіні анықталды. Бұл мемлекеттік реттеуде тек тұтынушылардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мақсатын көздейтін кәсіпкерлік кодексіне қайшы.

«Автомобиль көлігінде бақылау саласында инспекция қызметкерлері мен тасымалдаушы арасындағы тікелей байланыста сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Атап айтқанда, көлік құралдарын өлшеуде, рұқсат құжаттарын тексеруде, көлікті тоқтатпауға, қағаздарды тексермеуге, кедергісіз жүріп өту үшін алдын ала келісіп алу секілді жағдайларда сыбайлас жемқорлық қаупі туындайды», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанбаев.

Сонымен қатар, Әсет Асанбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап экспорттық-импорттық тасымалдауға рұқсат электронды түрде беріледі. «шарбақты,» Қосақ», «Өрлітөбе», «Ауыл», «Оба» мен «Жайсан» өткізу посттарыында тензо-датчикте жұмыс істейтін 6 өлшеу жүйесі іске қосылады әрі өлшеу жүйесінің санын 80-ге дейін арттыру жоспарланған.

Қазірде посттардағы көлік бақылауы жүйесі бақылау жүйесінің ашықтығы, яғни тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу, заң бұзушылардың бақылау мен қадағалауды шоғырландыру туралы заң кепілдігімен сәйкес келмейді. Көлік комитеті тексеру жүргізу кезіндегі қауіпті бағалау жүйесін әзірлемеген және қолданбайды. Аз уақыттың ішінде бірнеше рет тексеруге ұшырайтын автокөлік жүк тасымалына қатысушылардың барлығын жаппай бақылау көлік бақылауының мобильдік посттарындағы негізгі тәсіл болып саналады.

Алматы қаласы мен Алматы облысы мемлекеттік органдарының әрекетсіздігінің нәтижесінде жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдауда нарық субъектілерінің жарыспалық шектеуі үшін алғышарт жасалған, бұл елдің әр өңірінде болатын жағдай. 2015 жылдан бастап ішкі істер органына берілген жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тұрақты түрде тасымалдауға рұқсат қағаздарын тексеру және тұрақты емес жолаушы тасымалы кезінде заңнаманы сақтауды бақылау функиясын орындамау осыған қатысты заңнаманы жаппай елемеуге алып келді. Нәтижесінде экономикалық қатынастардың осы саласында әлеуметтік қарбаластық тудырған заңсыз (көлеңкелі) тасымалдау фактісінің кең таралуына алып келді.

Көлік кәсіпорындарының қызметінде әкімшілік кедергілерді және көлік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық қаупін азайту мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі Инвестициялар және даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар тарапына бірқатар ұсыныс берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер