astana-view

Сингапур жастары Қазақстанға қызығушылық танытуда

2017 жылғы 01 Шілде
5902 просмотров

Ұлттық палата жұмысы экономиканың барлық саласын қамтиды

30 маусым күні кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету, кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғау бойынша қазақстандық тәжірибемен жақынырақ танысу мақсатында Сингапур ұлттық университетінің бір топ студенттері «Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдерімен кездесті.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атқаратын жұмыспен танысқан студенттер 2018 жылы Ұлттық палатадан тағылымнамадан өтуге мүмкіндік беруді сұрады. Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып жатқан экономикасы бар мемлекет. Сингапурлық жастар Ұлттық палата арқылы өз кәсіби біліктіліктерін арттырмақ. Айта кетелік, «Атамекен» Сингапур тарапымен 2015 жылдан бері байланыс орнатқан. 2016 жылы сингапурлық екі студент «Атамекен» ҰКП «кадр бөлімінен» тағылымнамадан өткен болатын. Олар ұйымды басқару бойынша қазақстандық кейстерді пайдаланып, дипломдық жұмыстарын қорғаған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер