astana-view

Жанармайға қажеттілік жойылады

2017 жылғы 03 Шілде
7430 просмотров

Мұнай өндіретін зауыттарды жаңғырту арқылы ішкі нарық толығымен қамтамасыз етіледі

«Атырау мұнай өндіретін  зауыт» жауапкершілігі шектеулі серіктесінде «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі жұмыс отырысы өткізілді. 

Шара барысында делегаттар зауыт қызметкерлерімен кездесіп, зауыттың модернизациялық қуатын тамашалап, Мұнайды терең өңдеу кешеңі құрылыс алаңына барды. Бұл құрылыс жұмыстар 2017 жылдың 3-4 тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

Жиналысқа қатысушылар Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының ауқымын, сондай-ақ, жоба аяқталғанда іске қосылатын өндірісітік әлеуетті  бағалады.

  «Атырау мұнай өндіретін зауыт Қазақстанның батысында мұнайлы өлкеде орналасқан. Қолданыстағы экспорт жолдар мен халықтың тығыз орналасқанын ескере отырып, зауытты жаңғырту жобасы мұнайды терең өңдеуді ұлғайту және ақшыл мұнай өнімдерінің өндірісін көбейту жанармай-мұнайхимиялық нұсқада іске асырылуда. Сонымен қатар бұл жаңғыртылған кешен арқылы мемлекетімізде бұрын-соңды өндірілмеген химиялық өнімдерді – бензол мен параксилолды жасау мүмкіндігі туады. Бұл өнімдер мұнай химиясында негізгі шикізат болып саналады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Мұнайды терең өңдеу кешенін қолданысқа беру нарықтағы қажетті мұнай өндеу әлеуетін кеңейтеді, көлемді ұлғайтады.  Осылайша мұнайдың қошқыл өнімдерін  шығаруды азайтуға болады. Сонымен қатар өндірілетін өнім  Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес К4 және  К5 экологиялық класс стандарттарына сай келетін болады.

«Нұр Отан» партиясының XII Съезінде Елбасы Қазақстандағы жанармай қажеттілігін толығымен өтеу үшін мұнай өндеу көлемін 17 млн тоннаға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Осы ретте мұнай өндейтін үш зауытқа жаңғырту жұмыстарын жүргізу қолға алынған, олар Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өндейтін зауыттары. Бүгін зауытқа келіп, жаңғырту – бірегей технологиялық үдеріс екеніне көзіміз жетті. Жаңғырту жұмыстары жалпы өндіріске кедергі жасап жатқан жоқ.  Мұнда өндіріспен қатар жаңа мұнай өндіретін соңғы үлгідегі кешен құрылысы жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Жамалов.

Депутаттың айтуынша мұнай өндеу саласына қатысты Елбасы айтқан тапсырмалар 2018 жылы толығымен орындалады. ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары мәлімдеуінше зауыттарды жаңғыртудың бірнеше міндеті бар, олар: мұнайды терең өңдеуді ұлғайту және ҚР мұнай өңдейтін зауыттар қуатын жылына 15 млн-нан 16,5 млн теңгеге  дейін өсіру, ішкі нарықты сан алуан мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес К4 және К5  экологиялық стандарттарына сай моторлы жанармайдың сапасын жақсарту, қоршаған ортаға тиетін залалды азайту, сонымен қатар мұнай өндіретін зауыт бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Бұл жобаның ерекшелігі деп мазутты инновациялық технологиялар арқылы өңдеу және посткеңестік кезеңде тәуелсіз Қазақстан аумағында салынған алғашқы каталитикалық крекинг қондырғысын атауға болады», – деді Елдос Рамазанов.

 Жаңарған зауыт жоғары октанды бензин көлемін жылына 600 мың тоннадан 1600 тоннаға (2,7 есе өсіру), авиа жанармайын 19 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін (13 есе өсіру) ұлғайып, сондай-ақ, Жайық өзенінен су алу жылына 200 мың м3-ге дейін азайтылады. Зауыт жұмысын 2017 жылдың желтоқсанында бастайды деп жоспарланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер