astana-view

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Еуропа көзімен

2017 жылғы 11 Шілде
5743 просмотров

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс талқыланды

 2017 жылдың 11 шілдесінде «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері қатысуымен кездесу өтті. ЕҚЫҰ Экономикалық және экологиялық жұмысты үйлестіру бюросы ЕҚҰЫ Бағдарламалар кеңсесі қолдауымен Қазақстанда  «Орта Азиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен жұмысқа жәрдемдесу» атты жобасын іске асыру бастамасымен Астанаға келді. Бұл делегацияны Үйлестіру бюросы жетекшісінің орынбасары Эрмелинда Мекси бастап келді. Делегация құрамында ЕҚЫҰ Хатшылығының сарапшылары Руль Янссенс, Крис Молл, Құрбан Бабаев және тағы басқалар болды. Сарапшыларды Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыс, бизнес жүргізу үшін жасалып жатқан жағдай, әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде  «Атамекен» ҰКП мамандарының айтқан ақпарат қызықтырды.

Атап айтқанда ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол Өстеміров «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын өткізіп жатқан «Іскерлік ахуал» өңірлер рейтингі туралы хабарлады.   Аталмыш рейтинг кәсіпкерлердің  мемлекеттік органдар атқарған жұмысын бағалауы, сыбайлас жемқорлық әсерінің индекаторы ісепетті. Жыл сайын рейтинг нәтижелері арқылы республикадағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын жетілдіруге мүмкіндік жасалады.

Кездесу барысында Қазақстанда енгізіліп жатқан бизнеске ауыртпалықты болдыртпаудың тиімді механизмі саналатын реттеуші әсерін талдау жүйесіне назар аударылды. Еуропалық сарапшылардың ақпараты бойынша ЕҚЫҰ аталмыш тақырыпта жобаны іске асырып жатыр, осы бағытта қазақстандық тарапқа кеңес беру жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Бұдан басқа корпоративті басқаруды жетілдіру мәселесі көтерілді, короративті басқарудың бірыңғай ұлттық жүйесі мен стандарттарын құры қажет екені айтылды. Бүгінде бұл жұмыспен түрлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторындағы ұйымдар айналысып, құжаттарда сәйкестік жоқ. ҰКП өкілінің айтуынша ЕҚЫҰ арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді жақсартуға жол ашатыны атап өтті.  

 Кездесу барысында мемлекеттік сатып алуалар, құқықтық актілер жобаларына сараптама жүргізу, Ұлттық палата және мемлекеттік органдар өзара әрекетінің тиімділігі талқыланды.  Талқылаулардан соң екі тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізу бойынша келешекте тығыз байланыс орнатылады деп келісті.       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер