astana-view

Қазақстанда рапс өсіруге неге қауіптенеді?

2017 жылғы 20 Шілде
9413 просмотров

Канадалық сарапшы майлы дақылдарды өндіруде егістік ауысымының маңыздылығын атап өтті

«Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы қарастырған семинарлар аясында елордаға Канададан өсімдік шаруашылығының маманы Джон Герер келді. Шетелдік сарапшы 20 жылдан бері Қазақстанмен майлы дақылдарды күтіп-баптау бойынша қатынас орнатқан. Ол ­­­– біздің фермерлерге майлы дақылдың жаңа түрі рапсты өсіруге көмек берген алғашқы шетелдік сарапшы.

Еске салсақ, ғылыми-тәжірибелік семинарлар тақырыбы қызметті пайдаланушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектісінің нақты сұранысынан қалыптастырылды.

Джон Герер Ақмола облысы «Немац» неміс аграрлық орталығы мен Қостанай облысындағы «Қостанай» аграрлық салада білім тарату орталығында 3 күндік семинар өткізді.

Семинар барысында фермерлер май дақылдарын, оның ішінде рапсты күтіп-баптау ерекшеліктері туралы көп мағлұмат алды.

Жобаның мақсаты – фермерлердің хабардарлық деңгейін ақпараттық-кеңестік және білім қызметін беру арқылы арттыру.

Өсімдік шаруашылығы – Қазақстанның аграрлық секторындағы ең ірі салы. 1997 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 70% берген. Ауылшаруашылығы дақылдарының арасындағы егіндіктен бірінші орынды дәнді дақылдар алады. Ел аумағындағы егістіктің 66% жері осы салаға тиесілі.

Қазақстанда ұзақ жылдар бойы бір ғана дақыл, яғни бидай өсіріліп келген. Егіндіктің жалпы көлемінің көп бөлігіне егу, шығарылатын өнім сұранысының нарық конъюктурасын ескермеу егіндік жылдары бидайдым тым артық өсірілуіне алып келді.

Нарық экономикасында өнім өндіру көлемін дұрыс анықтау аса маңызды, осылайша өткізу де, қайта өндіру үшін табыс табу да тиімді болмақ. Көп елде әртараптандыру мәселесіне аса мән беріледі, ал ауыл шаруашылығы дақылдары егістігі көлемінің құрылымы нарық конъюктурасы мен өзге де факторларға қарай түрленіп отырады.

Аумақты әртараптандыру үшін, бидайдың дара дақылының кері әсерін жою мақсатында 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері арасында бидай егістігін азайтып, мал азығы дақылдарын, бұршақ, майлы және жем-шөптік дақылдарды көбейтуді қарастыратын меморандумдар жасалған.

Бұл мақсатта фермерлерді бұрын өсіріп көремеген жаңа дақылдарды өсіруге үйрету, оқытудың маңызы жоғары.

Канадалық сарапшы Қазақстанда ауыспалы егістіктің көмегімен топырақтың құнарлылығын қалай жақсарту керектігі жайлы айтып берді.

«Топырақ та нәрлендірілуі керек. Біз еті мен көкөністері мол қосылған тағамды қалай ішкіміз келсе, топырақты да дәл солай құнарландырып отыру керек. Топырақты тексергенде онда қанша нәрлілік заттар бар. Егер көрсеткіштер төмен болса, тыңайтқыш қосу керек. Топырақта сондай-ақ зиянды микроағзалар мен жәндіктер де тіршілік етеді. Тұқымды химиялық заттармен өңдеу өсімдік өскенге дейін, топырақта болған уақытта қорғауы мүмкін», – деп түсіндірді шетелдік маман.

Джон Герердің айтуынша, Қазақстанда бірнеше жыл бұрын рапс егіндігіне зиян келді. Фермерлер қырыққабат күйесін анықтады. Өкініштісі, олар жедел күресе алмады. Химиялық заттарды пайдалану тым кеш еді, себебі қырыққабат күйесі таралып кеткен. Бұл жағдайда химиялық тазалау тиімсіз болды. Бұл шараларды сәл ертерек атқару керек еді. Фермерлердің уақытылы атқармағандығынан егістік түгелімен жойылды. Осылайша туындаған зиянкестер мен түрлі аурулар аграномдарға рапс егуге кедергі келтіреді.

«Майлы дақылдарда мол өнім алу үшін бірнеше факторды назарда ұстау керек. Егіс айналымының дұрыс болуын, топырақтың құнарылылығын тексеріп, ылғалды сақтап, түрлі зиянкестермен күресіп, биопрепараттарды қолдану керек», – дейді маман.

Көптеген фермер егін егудің алдында арамшөптерді жою мақсатында қопсытады. Мұның барлығы да ылғалды жоғалтуға соқтырады. Сондықтан көп ретте егін егудің алдында егіндікті гербицидпен өңдеген абзал. Бұл тұқымның өсуіне мүмкіндік беретін ылғалды сақтауға, бірдей өсуіне, егіннің көбеюіне сеп болмақ

«Канадада фермерлер ғылыми негізделген егіс айналымын қолдана отырып, түрлі май дақылдарын егеді. Қазақстанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру  мақсатында Солтүстік облыстарда түрлі май, бұршақ және жемдік дақылдарды еге бастады. Егер Канадада рапсты 9 млн гектар аумаққа ексе, Қазақстанда 2 млн гектар жердің 250 000 гектарына ғана рапс өсіріледі. Шетелдік әріптес Ақмола мен Қостанай облыстарында өткен семинарларда май дақылдарын қалай күтіп-баптау керектігіні нақты түсіндірді, егіс айналымын қалай қолдану керектігін айтып, рапсқа зиян келтіретін жәндіктермен және түрлі дерт тудыратын зиянкестермен қалай күресу керектігімен бөлісті. Отандық фермерлер рапсты өсіргеніне көп бола қойған жоқ. Сондықтан жұмыс барысында көптеген сауал туындайды. Бізге шетелдік тәжірибе маңызды», – деп нақтылады Агробіліктілік орталығының өсімдік шаруашылығы жөніндегі департамент үйлестірушісі Талғат Әбсаттар.

Егістіктің ауыспалық кестесі – ауыл шаруашылығы дақылдары мен буларды кезек-кезегімен ауыстыру. Егіс айналымында дақылдарды ауыстырып отыруда алдындағы үздік дақылға, қазіргі жағдайда рапс бойынша жүзеге асырылады. Майлы дақылдарға май алынатын өсімдіктер жатады.  

Рапс – қырыққабат немесе крестгүлділер тұқымдас шөптесін өсімдік. Май алынатын маңызды өсімдік, рапстың экономикалық мәні ХХ ғасырдың соңында айтарлықтай артты, себебі биодизель алу үшін кеңінен қолдана бастады.

Қанададан келген сарапшы өз елінде рапстың неліктен май дақылдарының патшасы атанғанын түсіндірді.

«Канадада рапс 50 жыл бойы өсіріліп келеді. Бұл денсаулыққа пайдасы мол дақыл. Оны сату оңай, өткізу нарығы ауқымды. Біз рапсты Азия, Оңтүстік Америка, Мексика, Жапония елдеріне экспорттаймыз. Әдетте, бидайға қарағанда, рапстан кейін егістік мол шығады. Еккен уақытта шығын мен басқада мәселе көп болғанына қарамастан, оның қайтарымы болады», – деп нақтылады Джон Герер.

Канаданың Қазақстаннан айырмашылығы сонда, маусым айында жауын көп болады, Қазақстанда бұл құрғақшылық уақыты. Бірақ түсетін жауын диапазоны көп жағдайда бірдей келеді.

«Қостанай облысындағы егістікте болғанымда жаңа технологияларды қарқынды пайдаланатын фермерлерді көрдім. Олар менің білетінімнен хабардар, тіпті кей жағдайда көп біледі. Фермерлер майлы дақылдарды өсірумен айналысады. Бұл салада кез келеген фермерді тәжірибесі бар деп айта алмаймын. Олардың көбінде 500-3000 гектар жері бар, олар тек бидай егеді», – деп түйіндеді сарапшы.

Егіс айналымының міндеті топырақ құрамын өсімдіктер көмегімен басқарады. Егіс айналымына міндетті түрде қойылатын талап  – оның өңірдің табиғи және экономикалық жағдайына бейімделуі. Құрғақшылықта барлық буын, барлық дақылдар жылдың барлық кезеңінде жауын-ылғалды өнімді пайдалануға бағытталуы керек.

Қазақстан мен Канаданың климаттық жағдайы ұқсас, шет елмен тәжірибе алмасуға және отандық фермерлердің өнімді егіс алуын жағсартуға септігін тигізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер