astana-view

Made in Zhetysu тауарлары брендке айналды

2017 жылғы 25 Шілде
- Жетісу облысы
16384 просмотров

Облыстың 9 компаниясы Қазақстанның үздігі атануға үмітті

Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауы мен «Қазақстанда жасалған» көрмесінде «Ұлы дала елі» брендін пайдаланатын үздік тауарлар анықталады. Ең жақсы тауарлардың қатарынан көріну үшін Алматы облысынан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының 9 жеңімпаз қатысады.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының басшсы Ләззат Чинкисбаеваның айтуынша, жетісулық компаниялардың жүлдегер атануға мүмкінгі мол. Себебі тауарлар мен қызметтер халықаралық стандартқа сай және өңірлік әрі республикалық нарықта көш бастап тұр.

Елордаға жолдама алып, Жетісудің сапасын танытатын компаниялар жайлы баяндасақ...

«Үздік азық түлік тауарлары»

Экологиялық таза өнім

Лепсіде 100 омарташы бал алумен айналысады. Жаздық жаймашуақ күндері Лепсінің түрлі өсімдіктерінен шәрбат жинаған аралар дәмді әрі пайдалы бал береді. Ірі қалалар мен өндірістік нысандардан алшақ орналасқан Жоңғар Алатауындағы ұлттық саябақ та бал алуға болатын 100-ден астам өсімдік өседі. Табиғи тазалығы күмәнсіз. «Лепсі өнімдері» зауыты Алакөл ауданының Лепсі ауылында орналасқан. Штатта 10 адам жұмыс істейді. Бүгінде дайын өнім Қазақстанның ірі супермаркеттеріне шығарылып келеді.

«Кәсіпорын заманауи озық аппараттармен жабдықталған. Отандық және шетелдік өндіріс те бар. Балды құю мен орау автоматтандырылған. Бірақ өнім жылу өңдеуден өткізілмейді. Дәмі, иісі, пайдалы заттар толық сақталады. Лепсі балының қаптамасының өзі ерекше. Дайын өнім 10 форматта шығарылады: 2, 3, 5, келіден ағаш құтыларға салынса, 35-тен 1218 грамға дейін шыны ыдысқа құйылған, одан кейін премиум-кластағы қораптарға 300, 560, 1800 грам бал салынған», ­– деп түсіндірді компания басшысы Фархат Абузяров.

Фархат Абузяровтың айтуынша, бал – экологиялық таза өнім, сұрпы – таудың беретін алуан түрлі шөбі, ол денсаулыққа пайдасы мол және қуат береді.

Компания электронды коммерцияны дамытуға күш салып отыр. Сондай-ақ, Jumore алаңына тіркелген алғашқы отандық компанияның бірі де «Лепсі өнімдері» компаниясы. Биыл бал экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Түркия, Жапония мен БАӘ елдеріне, сондай-ақ Еуропаның бірқатар мемлекетіне шығарылады.

Бәрі де «шинлайн»!

Нарықта 22 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания жылына 13 мың тоннадан астам көлемде 140 аталым өнім шығарады. Қазақстан нарығындағы «Шин-лайн» үлесі ақшалай алғанда 35%-ды құрайды. Іле ауданында компанияның балмұздақ фабрикасы мен сүт өнімдерін шығаратын, жартылай дайындалған және жылдам әзірленетін кеспе дайындайтын зауыты бар. Көпшілік ұнататын «Бомба» балмұздағын осы «Шин-Лайн» шығарады, тіпті, нарықтағы айналымына 20 жылдан асты. Қазақстан бойынша компанияда 2200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын ТМД бойынша ірі фабрика ашуды, өндіріс көлемін үш есе арттырып, ел нарығының 45% қамтуды жоспарлап отыр.

2016 жылдың тамыз айында «Шин-лайн» компаниясы Illumination Entertainment студиясының «Гадкий Я», «Миньондар» мультфильмдері кейіпкерлерінің образын пайдалану үшін Universal компаниясымен келісім жасады. Әлемге танымал кейіпкерлер, эскимо, пломбир, шайқалған тоңазытылған десерттер мен кілегейлі-бананды балмұздақтың қаптамасына шығарылды. Сондай-ақ 2016 жылы кәсіпорынған жаңа бақылау жүйесі енгізіліп, өнімнің барлық кезеңін, тіпті дүкенге дұрыс жеткізілуін қадағалауға мүмкіндік берді.

Бас директор Андрей Шиннің айтуынша, әрбір өнім ерекше ынтамен әзірленеді.

«Әрбір дайындау тәсілі – ізденістік, талқылаудың, сарапшылардың пікірінің нәтижесі. Өндіріс автоматтандырылғанына қарамастан, әр процесс инновациялы. 5 млн доллар инвестиция салынғанның арқасында және Данияның Gram Equipment компаниясымен ынтымақтаса отырып жаңа өндіріс іске қосылды. Сағатына 36 000 үлес, яғни тәулігіне 70 тонна өнім шығарылады. Бұл көрсеткіш ТМД, Шығыс Еуропа елдерінде ғана емес, бүкіл Азиядағы өндірістің алдын орайды», – деп хабарлады «Шин-Лайн» басшысы Андрей Шин. 

Уылжыған тәтті алма

Бау-бақша мен мал шаруашылығы нарығында бұл компания 2013 жылдан бері жұмыс істейді. «Apple word» өнімінің дәмі мен пайдалылығы көпішіліктің көңілінен шығады. Алма экологиялық таза аймақта өсірілген. Бұл алмадан ешқандай бояусыз, қантсыз, иіс пен дәм беретін қоспаларсыз, концентраттар мен су қоспай-ақ, таза шырын алуға болады.

«Алманы құрамында тез қорытылатын көмірсу, қант, органикалық қышқылдар, тағамдық талшықтар, ақуыз бен май кіреді. В тобының, С, Е, РР, Р дәрумендері бар. Калий, кальций, магний, темір, йод, фтор, фосфор, натрий және т.б. минералдары бар шырын дәмді ғана емес, пайдалы да. Біздің табиғи таза өнімімізді пайдалана отырып, денсаулығыңызды да күшейтесіз», – дейді технологтар.

Зауыт Еңбекші қазақ ауданында орналасқан. «Apple word» компаниялар тобы «Апортты өркендету» жобасына қатысады, отандық ауылшаруашылық эко-туризмін дамытуды да қолға алған.

 «Үздік өндірістік тауар»

Ең үздік крахмал!

«Жаркент крахмал зауытын» 2013 жылы жалпыұлттық телекөпір кезінде Индустриализация картасының инвестициялық жобасын таныстыру барысында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев іске қосқан. Алайда, зауыттың негізі 2005 жылы қаланған.

Үш жыл бұрын толықтай жаңғыртудан өтіп, жаңа инвестиция құйылды. Қазіргі таңда кәсіпорын қуаттылығымен жылына 220 мың тоннадан астам жүгері дәні қайта өңделіп, 20 түрлі өнім шығарылады. Өнімді тағамдық, косметикалық, фармацевтикалық индустрияда, өндірістік мақсатта да қолдануға болады. Кешен 80%-ы автоматтандырылған, өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Зауыттан шығатын өнімдер:

  • 18 типті түрлендірілген крахмал;
  • Мальтозды шәрбат;
  • Глюкозалы шәрбат;
  • Глютен;
  • Жүгері майы;
  • Ұрық;
  • Кебек;
  • Түйіршіктелген құрама жем.

Кәсіпорынның дамуына маңызды факторлардың бірі – зауыттың орналасқан жері. Панфилов ауданы – ұзақ жылдардан бері жүгері өсірумен айналысатын, крахмал өнімдерін шығаруға арналған негізгі шикізат көзі болған өңір.

Кәсіпорын 5 жыл ішінде Бүкілресейлік крахмал өнімдерінің ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтаса жұмыс істеп, өндіріс технологиясын, өндірістік технохимиялық бақылауы мен есебін, дайын өнім мен негізгі шикізаттың сапасына зертханалық талдау жасау тәсілдерін, технологиялық желі бойынша талдау жүргізуді әзірледі. Соның арқасында Жаркент крахмал зауыты облыста жүгері дәнін қайта өңдеумен айналысатын отандық ірі тауар өндірушіге айналды. Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядаға ірі зауыт.

«Өздеріңіз білетіндей, адам ерекше қабілетке ие. Біз қалаған дүние орындалады. Тек діттеген мақсатқа жету үшін жатпай-тұрмай еңбек ету керек. Егер Қазақстанның әр азаматы адал еңбек етсе, қиындық пен өзгеруден қашпаса, еліміз қарқынды дамиды», – дейді «Универсал» компаниялар тобының басқарма төрағасы Зәкіржан Күзиев.

Супер сэндвичтер

Қапшағай қаласында орналасқан, қабырға мен жабуға арналған сэндвич-панельдерді шығаратын «Полимерметалл» ЖШС республикаға танымал. Құрылыс концерндері мен мұнай не орындарын зерттейтін ірі компаниялар лайықты бағасын берген. «Полимерметалл» шығаратын сэндвич-панельдер сапалы материал ғана емес, конструкторлық шешімдер мен құрылыс жұмысын жеделдетуге, шығынды азайтуға сеп. Кәсіпорын «Отандық өндіруші – мемлекет тірегі» қағидасын ұстанады.

Жұмыс істеген жылдары кәсіпорын құрылыс саласында озық компаниялардың бірі екенін танытты. Көптеген марапаттар мен алғыс хаттар осының айқын дәлелі.

Кәсіпорын осы жылдар аралығында жүзеге асырған жұмыстары:

  • сэндвич-панельдер –1 млн. шаршы метрден астам
  • металды жабын – 117 891, 62 шаршы метр
  • профлисттер – 111 966,69 м/п
  • блок-модульдер – 51 дана.

«Полимерметалл» компаниясының конвейерінен шыққан өнімі Алматы қаласындағы «Алатау IT CITY», «Атакент» көрме орталығының көрме павильондары, «Maxima», «Арзан» сауда үйі, Қарағандыдағы «Magnum», Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы «Сити плюс» ССО  басқа да көптеген орындарына пайдаланылды.

«Полимерметалл» жеткізу орындарын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» атауын ақтауға мақсат қойған.

Жетісудің жаңа бренді

Бұл компания нарықта 10 жыл қатарынан полиэтиленнен сапалы құбыр желісі жүйелерін өндіреді. Мамандардың айтуынша «Plast Invest Production»  компаниясының басты ерекшелігі – тауарды тез жеткізу, жеңілдіктер мен қоймалардың ортаймауында. Осы артықшылықтар арқылы компанияға деген сенім артып, географиялық кеңістігі ұлғайып келеді. Бүгінде кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының сарапшылары кәсіпорынның инновациялық жұмысын атап өтті. «Plast Invest Production» ЖШС құбырлары KraussMaffei атты неміс жабдығында дайындалады. Зауытта атестаттаудан өткен зертхана жұмыс істейді, жаңа технологиялық жабдықтар орнатылған. Микропроцессорлы басқару техникасы, үдерісті технологиялық бақылау, құбырлардың ішкі қысымын гидравликалық сынау сынды жабдықтар бар. Компания өніміне 50 жыл кепілдік береді. Бүгінде Plast Invest Production Жетісудің бренді деген атқа ие.

«Халыққа арналған үздік тауар»

«Алтын» жұмыртқа

 «Сұңқар» Алматы құс фабрикасы» ЖШС Жамбыл ауданында 5 жыл бұрын ғана құрылған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мұнда электр желісі мен газ құбырын жүргізді. Қазіргі таңда құс фабрикасында 4 ересек құс кешені мен 1 балапан бөлімі бар. 170 мың тауық күнделікті 150 мың жұмыртқа табады. Барлық өнім бірден жұмыртқа сұрыптау цехіне жөнелтіледі. Онда жұмыртқалар голландық құрал-жабдықта категориялар бойынша сұрыпталып, қапталады да Алматы және жақын аудандар дүкендеріне жіберіледі.

 Құс фабрикасы жыл сайын 44 миллион жұмыртқа өндіреді. Келешекте фабрика өнімділікті 3 есеге дейін ұлғайтпақ. Бұл үшін алғашқы қадамдар жасалған, фабрикада жем зауыты салынып, жаңа құс кешендерін салу жоспарланған. 2017 жылдың аяғында фабрика жалпы қуатты жылына 168 млн жұмыртқа көрсеткішіне шығады.

Very is good!

Әсем, талғамды, әдемі

Талғар ауданындағы «GLAS­MAN»  компаниясы  тобы елерге арналған классикалық киім үлгісін ұсынады. Киім желісі ең талғампаз клиенттердің сұранысын орындап отыр. Өнім эксклюзивті дизайн және жоғары сапамен шығады.

2008 жылы компания «Біздің форма – біздің мектептерге»   атты жобаны енгізді, бүгінде мектепке арналған киім топтамалары жайында халық арасында: балалар мен ата-аналарда жақсы пікір қалыптасқан. Өндірісте табиғи және эклогиялық таза маталар қолданылады.

 Компания директоры Анвар Хилажаевтің айтуынша «GLASMAN» 18 жыл ішінде бизнес пен демалысқа арналған сапыл әрі ыңғайлы киім шығару арқылы Қазақстан мен Ресей ерлерінің сүйспеншілігіне бөленген.

Бүгінде фабрикада 250 адам жұмыс істейді. Жылына 150 мың өнім шығарылады. Өндіріс Еуропаның жоғары сапалы A-S-S, PFAFF, DUERKOPP, AMF-REECE атты тігін жабдығымен және INDUPRESS прессімен  қамтылған. Өндірісте өте жоғары сапалы маталар қолданылады.  

Халық денсаулығына арналған бизнес

 «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС кәсіпорны 2000 жылдың қыркүйегінде құрылған.  Дәрі-дәрмектің бірінші партиясын кәсіпорын 2020 жылы шығарды. Бастапқыда 4 препарат шығарылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын дәрі аталымын 100-ге дейін жеткізді. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» компаниясы қан құрамында қантты азайтатын, туберкілезге қарсы, бактерияларға қарсы, ішек-қарын жолы ауруларына арналған дәрілерді шағырады. Мұнда 3500 қызметкер еңбектенуде.

Технологтардың айтуынша кәсіпорынның ғылыми-зерттеу орталығында препараттардың дженериктерін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық жүйке жүйесі, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, онкологиялық, метаболизм ауытқуларына қарсы  дәрі-дәрмектерді әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Компания өнімі 20 шет елге экспортталады, бұл тізім келешекте ұлғайтылмақ. Бизнесін жаңғырту арқылы компания халық салауатын, өмір сапасын арттыруда.

 Байқаудың республикалық деңгейінде компаниялар «Ұлы дала елі»: Сатып алуалар, Өткізу, Сауда, Экспорт» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумына қатысады. Форум аясында «B2B» форматында кездесулер ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер