astana-view

Кәсіпкерлер теріні сыртқа шығаруға қайтадан тыйым салуды сұрап отыр

2017 жылғы 27 Шілде
4539 просмотров

«Атамекенде» мемлекет аумағынан ірі қара малдың иленбеген терісін шығаруға тыйым салу мәселесін талқылады

Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі директоры Арман Мәмбетаев, ҚР ИДМ Индустриалды дамыту мен өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев, «Қазақстанның Былғары шикізаты және теріні қайта өңдеушілер қауымдастығы» президенті Владимир Семушин, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың өзге де өкілдері қатысты.

Еске салсақ, 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап 6 айға Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін шығаруға тыйым салынған еді.

Осы 6 айлық тыйымның қорытындысын шығарған Владимир Семушкин тыйым салу мәселесі 2012 жылдан бері көтерілгенін, алайда 4 жыл өткен соң ғана іске асырылғанын, Еуразиялық экономикалық одаққтың өзге де мүше-мемлекеттері бұл тәсілді бұрыннан қолданып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, спикер 6 ай деген тым аз уақыт екеніне тоқталып, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың бірінші жартысы аралығындағы өндіріс, қайта өңдеу мен иленбеген терінің экспорты мен импортындағы статистикалық мәлімет пен тыйым салынған уақыттаға тері шығару мәселесі жайлы баяндады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қаңтар-сәуір аралығында тері өндірісі 2016 жылдағы осы мерзіммен салыстырғанда екі есеге азайған, тыйым салынса да, ірі қара малдың иленбеген теріні заңсыз сыртқа шығару жалғасқандықтан, оңтүстік өңірдегі тері өнеркәсіптеріне шикізат әлі де жеткіліксіз.

Тимур Нұрашев ҚР ИДМ Индустриалды дамыту мен өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті тыйым салынған уақытта өндіріс, экспорт пен импорт көлемі туралы нақты ақпарат алуға өтінім бергенін атап өтті. Бұл нақты дерек ҚР Ұлттық экономика министрлігіне «санға» негіздеп дайындау үшін қажет.

Жеңіл өнеркәсіптегі ірі тері кәсіпорындарының мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап ірі қара малдың иленбеген терісін шекара асыруға тыйым салынған уақыт аралығында еліміздің Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында тері өңдеу көлемі артқан. Шикізаттың барын есепке ала отырып, кәсіпорындар тері нарығын отандық өніммен қамтуға дайын, импорттық тауарға қарағанда арзан, аяқ киім фабрикалары да отандық өнімді пайдалана бастады, сөмке, былғары галантереясын тігетін ательелер ашыла бастады.

Тыйым салу тек 6 айға созылғанын ескерген қайта өңдеу кәсіпорындары тыйым салу бірнеше жыл қатарынан мерзім-мерзімімен ЕАЭО өзге елдеріндегідей бір мерзім біткен соң, жаңа тыйым салудың қайталанғанын сұрап отыр.

«Жеңіл өнеркәсіп саласын былғары шикізатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін кешенді шаралар ұйымдастыру керек, яғни ірі қара малдың иленбеген терісін ҚР аумағынан шығаруға тыйым салудан бастап, шикізат жинауды жүзеге асыруға дейін орындалуы керек. Осы мақсаттағы жұмыс жалғасын табары анық», – деді Арман Мәмбетаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер