astana-view

Ертіс тұрғындарына көрсетілетін қызмет

2017 жылғы 31 Шілде
- Павлодар облысы
6288 просмотров

Ертіс ауданының тұрғыны Гүлмира Дүйсембина «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеке кәсібін ашты

«Яссави» сұлулық салоны Ертіс ауданының орталығында ашылғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен күн өткен сайын келушілер саны артып отыр. Қалалық жердің өзінде шебер шаштаразды табу оңай емес. Ал ауыл тұрғындары үшін таңдау тіпті жоқ. Бірақ, алғыр кәсіпкердің бастамасымен қыз-келіншектерге, ерлерге арналған зал мен маникюр кабинеті ашылған. Әрбір клиент қалауына қарай шеберлерді таңдай алады.

Гүлмира Дүйсембина жеке кәсіп ашқанда өзі ұнататын әрі тәжірибесі бар іспен айналысуды жөн санаған. Ауылдық жерде бұл саладағы бәсекелестері аз.

«Ауылдық жерде қажетті маман табу оңай емес. Шаш қидыру мүмкін болғанымен, маникюр, педикюр жасату әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан, өз ауылымда қызмет көрсету саласында кәсіп бастауды жөн санадым. Оның үстінде шаштараз саласында тәжірибем бар. Жұмыскерлер тобы да қалыптасты, тәжірибелі мамандарды жинақтадым», – деп бөлісті кәсіпкер.

Идеясын жүзеге асыру барысында іскер ханым Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалына жүгінді. Мұнда бизнес-жоспар құруға көмектесіп, қажетті құжат жинауға жәрдемдескен.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатқа арнайы орын алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтар сатып алынды.

Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалының директоры Ерлан Жетпісов облыс орталығы тұрғындары бизнес-идеяларын жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері мен жағдайлары зор, ал ауыл тұрғындарына жеке кәсіп бастау әлдеқайда қиынырақ.

«Әдетте, ауылдағы ағайынның бизнес-идеясы бар, жеке кәсібін бастауды мақсат тұтады, алайда жүзеге асыру барысында көптеген қияндықтарға ұшырайды, солардың бірі – бастапқы қаражат пен тиісті кепілдіктің болмауы. Сонымен қатар бизнес жүргізуге қажетті білімі де болмай жатады. Сондықтан біздің міндетіміз – бизнес-идеяның дәл осы кезеңде жүзеге асырылуына барынша көмек көрсету», – деп түйіндеді Ерлан Жетпісов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер