astana-view

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі мен «Irrifrance» француздық компаниясы бірлескен кәсіпорын құрады

2014 жылғы 27 Наурыз
3679 просмотров

Бүгін «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде Францияның «Irrifrance» компаниясы және «Қазақстан Инжиринг» ҰК» АҚ арасында фермерлерге тамшылатып суару жүйесін шығару және орнату бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды аталмыш холдингтің баспасөз қызметінен.

Өткізілген келіссөздер негізінде тараптар Қазақстанда заманауи ирригациялық және еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне қажет жабдықтарды шығару бойынша бірлескен қазақстандық-француз кәсіпорнын құру келісіміне келді.

«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қолдауымен аталған жобаны жүзеге асыруға екі компания бірікті. Сонымен қатар келешекте холдинг бірлескен кәсіпорынды мемлекеттік қолдау шаралары туралы, тамшылатып суару жүйесін иеленуге ықылас білдірген фермерлерге несие өнімдерін әзірлеу, жергілікті атқарушы органдар мен фермерлерді техника мен жабдықты лизинг пен несиеге алу үшін қаржыландыру мүмкіндігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Еске салайық, Қазақстан аграрлық саласында өндіріс құруға тікелей инвестицияларды тарту мақсатында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі Қазақстанда шетел компаниясымен өнім шығаруды ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын алдыңғы қатарлы шетел өндірушілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер