astana-view

БҚО жылына 9 мың тонна ет экспорттауды көздеп отыр

2014 жылғы 27 Наурыз
4259 просмотров

Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар іске асырылуда, деп хабарлайдыBNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Жобалар ет өңдеу саласын дамытып және импорт көлемін азайтады деген үміт бар.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Щапово» шаруа қожалығында 12 мың шошқанының санын 25 мыңға жеткізуді, экспорт көлемін 20 пайызға ұлғайту көзделіп отыр. 

2013 жылы «Жайық-ет» ЖШС-нда тәулігіне 20 тонна 40 түрлі ет және шұжық өнімдерін шығаратын шұжық цехы пайдалануға берілген. 

«Кублей» ЖШС тоңазытқышы бар қасапхана құрылысын жүргізуде, оның құны 1 млрд теңге. Жобада соңғы технологиямен мал соятын қасапхана етті, теріне және басқа да ет өнімдерін өңдейді. Кәсіпорын 2015 жылы пайдалануға беріледі.

«Батыс марка ламб» ЖШС тәулігіне 1400 бағылан соятын, етті вакумды қаптайтын инвестициялық жобаны қолға алған. Шығарылған өнімнің 50% экспортта жіберіледі. Құрылыс 2013 жылдың қараша айында басталып, биыл жылдың соңынеда пайдалануға берілуі тиіс. «Қазагроқаржы» АҚ жобаға 2,4 млрд теңге бөлген. 

«Жайық құс» фабрикасының құрылысы қолға алынуда. Жылына 6,3 мың тонна құс етін өндіретін құрылыс келесі жылы бірінші тоқсандай пайдалануға берілуі тиіс. Жобаның құны 3,5 млрд теңге.

«Әлем» ш/қ бордақылау кешені жанынан қасапхана ашу жоспарлануда. Оған Қазталов Бөкей орда, Жәнібек аудандарынан мал жеткізіледі. Еттің тең жартысы экспортталады.

«Арай» шаруа қожалығында биыл 500 малға шақталған бордақылау кешені пайдалануға берілмек. Құрылыс жыл басынан басталса, жылдың аяғында іске қосу көзделген. Жобаның құны 44 млн теңге.

Қазіргі уақытта 5 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олар 2015 жылға дейін пайдалануға беріледі, құны 6,9 млрд теңге. 2015 жылы өңірде бір жылғы ет экспорты 9400 тоннаға жетеді деп көзделіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер