astana-view

Істің көзін тапқан кәсіпкер

2017 жылғы 11 Тамыз
- Маңғыстау облысы
6315 просмотров

Маңғыстау өңірінде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлер аймаққа жеткізілетін азық-түліктің 80% көрші мемлекеттерден тасымалданатын болса, онда бұл шаруашылыққа басымдылық жасалуы да заңды екенін айтады.

Қазір облыста 400-ге жуық жылыжай бар. Оның ішінде 35 жылыжай жұмысы биыл басталды.

Солардың бірі – Ақшұқыр ауылында. Кәсіпкер Темірбек Бекебаев жылыжай құрылысын былтыр бастап, биыл іске қосқан. Нысанды салып, толықтай іске қосу үшін 300 млн-дай қаржы жұмсалған. Қазір жылыжайда, қияр, қызанақ, болгар бұрышы мен құлпынай өсіріледі. Қазір, аумағы 3 гектар жылыжайдан тәулігіне 1,5 тонна қияр алынады. Десек те, облыста бұл шаруашылықты жолға қою үшін білікті мамандар қажет. Агроном кәсібінен бөлек, гидропоника технологиясымен жұмыс жасайтын мамандар тапшы – дейді – қожалық иесі.

«Өз мамандығым – химик технолог болғандықтан бұл кәсіптен әлдеқайдан хабарым бар. Енді жылыжайға «гидропоника технологиясымен» жұмыс істейтін мамандар керек. Менің өзім интернет арқылы Иран Ислам республикасымен байланысқа шығып, ондағы мамандардан кеңес алып отырамын», – дейді қожалық иесі Темірбек Бекебаев.

Қожалық иесі тұқымды Израиль, Испания және Голландиядан арнайы сатып алады. Әсіресе, Голландия қиярларына сұраныс жоғары. Ал, көкіністі суару үшін суды ұңғымадан тартып, оны арнайы бассейнде сүзгіден өткізеді. Осылайша, ол құбыр арқылы жылыжайға жеткізіледі. Тамшылата суару әдісін пайдаланады. Әзірге жылыжайда 15 адам жұмыс жасайды. Жылыжайдың құрылысы толық аяқталған соң, 120 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. Бастысы, өңір тұрғындары сапалы, бағасы қолжетімді өнімді тұтынады. Мамандардың айтуынша, табиғаты шөлейтті аймақ үшін жылыжай шаруашылығы жеміс-жидек өсірудің ең тиімді жолы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер