astana-view

Өңір құрылысшылары марапатталды

2017 жылғы 14 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4734 просмотров

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні. Облыс пен қаланың сәулет өнеріне ат салысып, көк аспан мен таласқан зәулім сарайлардың кірпішін қалап жүрген, жол салып, көпірмен жалғап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға үлес қосатын мамандар құрылыс саласында еңбек етеді. Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында облысымызда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім үйлер мен өндірістік ғимараттар бой көтеріп келеді.

Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасында аймақтың құрылыс саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Асылбек Жолдыбаев, Алмаз Сатанов, Бердіқожа Боранбаев, Азамат Қазақбаев, Оспан Қазақбаев, Асылбек Жанжігітов, Әсет Сүйіндіков, Самат Мұсабаев, Мұрат Өмірбек – сынды азаматтар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметоовтың атынан алғыс хат табыс етілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер