astana-view

Кәсіпкерлерге қолдау бар

2017 жылғы 17 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5363 просмотров

«Ашыққанға балық берме, қармақ бер»  

Кәсібін ашамын деген азаматтар үшін қазір түрлі шарттар қарастырылған. Мемлекет бүгінде еліміздің ір өңірінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашты. Мұндағы мақсат – шаруаға икемі бар, жоқтан бар құрастыратын жандар үшін кәсіптің бағыт-бағдарын тегін көрсету.

Бұрын-соңды егін алқаптарының басы-қасында жүрген бағбандарда, малшаруашылығын игерген шаруақожалықтары, тігін мен тоқыманы иіріп саусағынан бал тамған ісмерлер сондай-ақ, кәсіптің әлі де іргетасын қаламаған жандар өңіріміздегі «Маңғыстау» кәсіпкерлер орталығы мамандарының көмегіне жүгіне алады.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 3 бағытқа басымдылық жасайды: Ауылшаруашылық, консалтинг, жобаларды сүймелдеу мен инвесторлармен жұмыс. Тіпті, бизнес жоспарды қалай жасайтынын немесе қалай бастау керектігінен бейхабар болсаңыз аталған орталыққа хабарласу керек. Сондай-ақ, «Маңғыстау» кәсіпкерлер орталығында түрлі бизнес форумдар мен пікір алмасу, келіссөздер жүргізіледі. Мәселен, былтыр аймақта алғаш рет «Маңғыстау инвистиция күндері» ұйымдастырылып оған 20-дан астам шетелдік инвесторлар қатысқан болатын. Яғни, бизнестің түрлі саласына қатысты ауқымды шаралар осы орталықта жүргізіледі.

Осыдан 2 жыл бұрын ашылған кәсіпкерлер орталығында қазір 50-ден астам маман жұмыс істейді. Шалғайдағы ауылдықтарға қызмет көрсететін филилалдар бар. Осы уақыт аралығында билік басындағы лауазымды тұлғалар орталықтың жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер