astana-view

Дәрі-дәрмекті таңбалауда да бірізділік керек

2017 жылғы 24 Тамыз
5270 просмотров

ЕАЭО көлеміндегі тауарларды бірыңғай таңбалау жүйесі ұсынылып жатыр

 «Еуразиялық апта» форумы аясында  фармацевтика саласына арналаған «Мемлекет пен бизнестің цифрлік әріптестіктегі қадамы: тауарды таңбалау» атты панельдік талқылау өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі кедергілердің ішінде дәрі-дәрмектердің түрлі таңбалануы, түрлі аталуы мәселеге айналған.  Бірыңғай сауда алаңы бар мемлекеттер үшін тауардың түрлі маркировкасы кеденде кедергі тудырып, тұтынушылар арасында да шатасу орын алып жатады.

Осы салада стандарттарды ретке келітурге болатын жақсы мүмкіндік – цифрлік технологяиларды енгізу. Ұсынылып отырған тауарды таңбалау – мүше мемлекеттердің  өнеркәсіп дамуына зиян келтірмей, қайта дамуға жол ашуы керек.

 «Бүгінгі тақырып өзекті. Былтыр таңбалауды енгізу бойынша Одақ көлемінде келісім күшіне енді. Бизнес пен мемлекет таңбалауға  назар аударып отыр. Тауар таңбалау жалған тауарға ұрынып қалмауда, бақылайтын тетік ретінде қолданылады. Мемлекетке не пайда: тауарды заңдастыруды жолға қою, жасанды дәрі-дәрмектен сақтану, салық салымдар. Бизнеске не береді: бұл тауарлардың тез сатылуы, кедернде тез өтуі, өндірушілерге: өтірік тауардан сақтану, ал тұтынушы сапалы тауар сатып алады. Сондықтан маркировка барлық тараптар үшін маңызды», – Еуразиялық экономикалық кеңес Кедендік-тарифтік және тарифсіздік реттеу департаментінің директоры Гагик Кочарян.

Спикердің айтуынша тауар таңбалау принциптерін айтқанда әр тауарға өзінің бірегей индификаторы қойылуы керек. Тауар жеке коды арқылы бірден табылады. Барлық мемлекеттерга арналған бірыңғай индентификатор қою маңызды.

«Егер мемлекет бірдей тауарды әр түрлі таңбаласа, бұл сауда жолдарын тежейді. Сондықтан бүгін біз бұл деректер маркировка ЕАЭО мемлекеттері үшін бірдей болуы керек», –  Гагик Кочарян.

Мүше мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйенсек пилоттық режимде Белорусьта 2015 жылы  таңбалау енгізіліп, 21 тауар таңбаланды, Арменияда  2013 жылы енгізілді, 43 аталым таңбаланды.  Өкінішке орай пилоттық жобалар барлық мүше елде жүргізіліп жатқан жоқ. Жаңа келісім әзірленуде, ол арқылы таңбаланған атауарлар саны арттады. Индификациялау реестрін жүргізу ұсынылып отыр.

 Ресесй Федерациясында жүргізілген тауар таңбалау үдерісі жайлы Федералды салық қызметінің өкілі Ольга Чепурина мәоім етті.

«Ресейде ЕАЭО шеңберінде тауар таңбалау осыдан үш жыл бұрын басталған еді. Біз үшін бұл түсініксіз, нормативтік базасы жоқ жүйе болды. Кімде жүйе бар, зерделедік, Белорусьқа бардық. Тауар таңбалаудың тілін, терминдерін  де түсінбеген едік. 2015 жылы ЕАЭО мүше мемлекеттер арасында тауар таңбалау бойынша келісім жасалды. Бүгінде жүйе қалыптасып қалды, жаңа деңгейге шығып жатырмыз, Одақ көлемінде маркировканы енгізу үшін жақсы дайындықпен келу керек. Өйткені мәселлер көп: нормативті-құқықтық база, мемлекеттің технологиялық дайындығы, бизнестің дайындығы осының бәрі ескеріледі. мәселен, бізде тондар бойынша таңбалау күрделі болды. Ал таңбалау жүзеге асқан соң, тон сатуда орташа баға қандай, бұл бизнесте қанша кәсіпорын бар, өндірушілер қанша, жалған өндірушілер қанша бәрі белгілі болды», – Ольга Чепурина.  

Бүгін әр мүше мемлекетте жеке жүргізіп отырған маркировкасы бар. Енді бір стандарттарқа келу жоспарда бар. Ольга Чепуринаның айтуынша Маркировка адам сияқты, адамдар әр түрлі бірақ отбасын құрып бала тәрбиелейді.

Тауар таңбалай тауардың шыққан бастап тұтынушыға баруына дейін  кезеңді бақылайды, яғни толық циклын қамтиды. Таңбаланған тауарларды контрафактіден айыруға болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция депараменті директорының міндетін атқарушы Долорес Төлебекова тауар таңбалау жүйесінде кәсіпкерлердің мүддесі ескерілмейтінін айтты.

«Мемлекеттік органдар бизнеске қосымша жауапкершілік артпақ па? Өйткені контрафактілі тауарлар басқа оргнамен анықталу керек. «Атамекен» о баста пилоттық жобаны сұраған болатын. Маркировка үдерісіне жауапкершілікпен келу керек. ЕАЭО шеңберінде цифрлік трансформация мен бірыңғай жүйелер бар, алайда олар бір-бірімен байланыспайды. Бізге асығудың қажеті жоқ. ЕАЭО аясында жүріп жатқан механизмдерді байланыстыру керек, бірақ маркировка мақсатында емес. Содан кейн тауарлар таңбалау қандай критерийлер бойынша жүреді соны анықтап алу керек», – деді Долорес Төлебекова.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер