astana-view

Талдықорғанда жастардың өңіраралық бизнес-тағылымдамасы басталды

2017 жылғы 25 Тамыз
- Жетісу облысы

Қазақстанның әр аймағынан жас кәсіпкерлер бас қосты

Еліміздің әр аймағынан келген жас кәсіпкерлер өңіраралық жастар-тағылымдамасынан өту үшін Алматы облысының орталығына жиналды. Тағылымдама 24-28 тамыз аралығында өтеді. Іс-шараны Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жастар конгресі ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша ауқымды шара тәжірибе жинауға, алмасуға, тілім толықтыруға, кәсіп жүргізудің жаңа тетіктері мен құралдары жайлы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Тағылымдама барысында жас бизнесмендер Алматы облысы кәсіпкерлер палатасымен танысып, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметовпен кездесті. Спикер ағымдағы жұмыс барысымен, нәтижесімен, жастарға қолдау көрсету шаралары жайлы ақпарат бөлісті.

«Кәсіпкерлікпен айналысуды қалаған жастар «Бизнес-Кеңесші», «Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобалары арқылы білім алуларына болады. Бұл курстарда бизнес жайлы ақпарат, қолдау құралдары мен дамыту тетіктері, бизнес-жоспар дайындауды үйрену, ең бастысы қандай-бизнес идеяны жүзеге асыруға болатыны жайлы кеңінен мағлұмат алмақ», – деп атап өтті Әсет Шаяхметов.

Оның айтуынша жастар көңілдеріне жақын кәсіппен айналысуылары керек.

Бизнес-тағылымдама барысында шеберлік-сыныптары, тренингтер, бизнес-таңғы ас, кәсіпорындарда тағылымдама, табысты кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Жастармен кездескен кәсіпкерлер қатарында WAKE UP TECHNOLOGY ЖШС бас директоры Асхат Әбжанов, Toptyres.kz ЖШС бас директоры Қуаныш Сейсембаев, Baribirge.kz ЖШС атқарышу директоры Светлана Друзь, СРВА бойынша сертификатталған сарапшы маман Ақтоты Сәрсенова, «Azamatyouthclub» қорының негізін қалаушы, бизнес-жаттықтырушы Аслан Есжанұлы бар.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеуле жандарға арнап ашылған «Асар» фитнес клубы, «TANDOOR» мейманханасы мен «Bambini» тігін цехы, «Просто дом» құрылыс компаниясы, «Арлен» балабақшасы, «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауытында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер