astana-view

Қаржы министрлігі 2025 жылдан бастап әлеуметтік салықты 11%-ға арттырмақ

2017 жылғы 24 Тамыз
13109 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Салық кодексінің жаңа жобасы кезекті рет талқыланды

Шараға ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, салалық министрліктер, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері, сонымен қатар онлайн байланыс арқылы өңірлерлік кәсіпкерлер қатысты.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері Салық кодексінің жобасындағы жеке табыс салығы, жалпыға бірдей декларация, әлеуметтік салық бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды таныстырды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Басқарма басшысының орынбасары Айгүл Аббасова жеке табыс салығы, жалпыға бірдей декларация, әлеуметтік салық бойынша енгізілген жаңалықтарды таныстырып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

«Салық кодексінің жаңа жобасында жеке табыс салығы бөлімінің құрылымы өзгертілді. Жеке табыс салығы бойынша 2 бөлім қарастырылған. 2020 жылдан енгізілетін мүлікті және табысты жаппай жария ету жүуйесі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – декларацияға кіретін келесі жылға 31 желтоқсанда жеке тұлғалардың мүлкін тіркеу. Екінші кезең – жыл бойғы табыс пен мүлікті алу немесе өткізу дерегін декларациялау. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация, кіріс пен мүлік туралы декларация жыл сайын және кезекті рет жасалады», – деді Айгүл Аббасова.

Салық кодексінің жаңа жобасында көрсетілгендей, жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялауға Мәдени құндылықтардың мемлекеттік реестріне енгізілген мәдени құндылықтарды; асыл тастар, зергерлік бұйымдар мен қымбат бағалы тастары бар өзге де заттарды; өнер туындысы мен антиквариат, басқа да мүлікті көрсетуге құқылы.

«Жыл сайын өткізілетін табыс пен мүлік туралы декларация екі формада тапсырылады: қысқа және кеңейтілген. Қысқа декларацияда табыс пен мүлік қосымшаларсыз және көрсеткіштерсіз беріледі. Ал кеңейтілген декларацияда толық ақпарат беріледі. Қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірілмей тапсырылса, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін өткізілуі керек», – деді қаржы министрлігінің өкілі.

ҚР Қаржы министрлігі Басқарма басшысының орынбасары Айгүл Аббасова әлеуметтік салық туралы хабарлады. 2018 жылдан бастап әлеуметтік салық 9,5% болады, ал 2025 жылдан бастап 11%-ға артады.

Еске салсақ, Қаржы министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП сараптамалық қорытындысына берген Салық кодексінің 2017 жылы 14 шілдедегі жаңа редакциясында әлеуметтік салық мөлшерлемесін 11%-дан 2018 жылы 9,5%-ға, 2020 жылдан бастап 6,5%-ға азайтуды енгізген еді.

«Қаржы және ұлттық экономика министрліктері келісілген уәдеден ауытқып кетті. Әлеуметтік салықтың осындай көлемінде Қорға аударылатын барлық төлемдерін алсақ, яғни зейнетақы аударымы, әлеуметтік салық, медициналық сақтандыру төлемі Еңбекақы қорына өте ауқымды салмақ түсіреді. 2025 жылға қарай 43,5% ауыртпалық тым көп. Бізге салық жұмыс берушіден емес, жұмысшыдан ұсталынады деп түсіндіргенімен, қызметкер салықтың қайда аударылып жатқанына көңіл бөлмейді, ол таза еңбекақысын алады. Айналып келгенде салмақ жұмыс берушіге түседі», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары бұл бағаның өзіндік құнына әсер етіп, 12%-ға дейін артуына соқтырады. Бұл бизнеске түсетін тікелей ауыртпалық екеніне баса назар аударды.

Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына салық салу жағдайларындағы өзгерістер де айтылды.

Қаржы министрлігінің өкілі Зәуре Исенова арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін қойылған талаптарда айтарлықтай өзгеріс болмағанын хабарлады.

«Біріншіден – АЭА қатысушылары үшін бұған дейін корпоративті табыс салығынан 100% босатылуы үшін орындалуы қиын талаптар қарастырылған. Егер осы талаптар орындалмаған жағдайда АЭА қатысушысы зардап шегетін. Басым қызметтер түрінің жүзеге асырған уақытта ол 90% табыс табуы керек болатын, тексеру келгенде ол 90% орнына 89% табыс тапты, тиісінше ол корпоративті табыс салығын түгелдей төлеуі тиіс еді. Бұл мәселе оң шешімін тапты. Енді КТС бойынша жеңілдік басым қызмет түрлерін орындау арқылы түскен пайдадан ғана төленеді, яғни 90/10 пайыздық қатынасқа байланысты болмайды. Екінші міндетті талап – қай жерде басым бағыт екенін анықтау үшін бөлек есеп жүргізу. Сонымен қатар, АЭА қатысушы арнайы экономикалық аймақтан тыс жерде жекелеген құрылымдық бөлімшесін ашуға құқысы болмаған. Енді бұл талап та өзгертілді, өзінің құрылымды бөлімшесін ашуына мүмкіндік беріліп отыр», – деп хабарлады Зәуре Исенова.

Салық кодексінің жа жобасындағы жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және декларацияқа қатысты өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратпен таныса аласыздар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер