astana-view

Қызылордада инновациялық гранттарға байқау жарияланды

2017 жылғы 28 Тамыз
- Қызылорда облысы
4766 просмотров

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 2-бағыты аясында инновациялық гранттар конкурсына қатысуға ниет білдірушілерге арнап арнайы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының тапсырысымен «Бизнес-Кеңесші» оқу курсын ұйымдастырды.

Қатысушыларға 2 күн бойы кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс берілді. Оқу курсына қатысушыларға жеке кәсіпкерліктің құқықтық негіздері, салық режимдерінің ерекшеліктері, бизнес-жоспарлау бойынша кеңе ауқымды ақпарат берілді. Оқу курсына облыстың  7 ауданы және Қызылорда қаласы бойынша инновациялық жобаларын грант алуға конкурсқа ұсынып жатқан 100 азамат қатысып, өз білімдерін шыңдады.

Айта кету керек, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы 17 тамыздан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік грант беру үшін құжаттар қабылдауда.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

- грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

- заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

- өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) 

- бизнес – жоба;

- Бағдарлама және/ немесе «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екендігі туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/ немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

- кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2017 жылдың 17 тамызынан бастап 2017 жылдың 31 тамызы аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Жалпы, жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасынан «Бизнес Кеңесші» 2 күндік қысқа мерзімді курсы бойынша 1430 адам кәсіпкерлік негіздерінен өз білімдерін жетілдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер