astana-view

Арнайы салықтық тәртіп: түбегейлі өзгеріс жоқ

2017 жылғы 29 Тамыз
6381 просмотров

«Атамекенде» арнайы салық тәртібі мен өзге де міндетті төлемдерді жетілдіру талқыланды

29 тамыз күні «Атамекен» алаңында «Шағын және орта бизнес пен агроөнрекәсіп кешені үшін арнайы салық тәртібі» және «Өзге де міндетті төлемдерді жетілдіру» тақырыбында жиын өтті. Дөңгелек үстелге «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Қаржы министргілі МКД Басқарма басшысы Гүлмира Смағұлова, мемлекеттік орган мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Патент негізінде арнайы салық тәртібін сауда саласында жұмыс істейтін тұлғалар үшін табыстан 2% салық мөлшерлемесін қолдану және салық төлеушілердің басқа да өкілдері үшін 1%-ға дейін төмендету сақталады. Шағын бизнес субъектілері үшін бекітілген шегерімді қолдану арқылы арнайы салық тәртібін енгізу қарастырылған.

Арнайы салық тәртібі бөлімінде жеңілдетілген декларация негізінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 100 млн теңге көлемінде табыс шегі мен жұмысшылар саны 30 адам болатын бірыңғай шектік мән бекіту ұсынылды.

Бекітілген шығынды қолданумен жаңа арнайы салық тәртібін енгізу қарастырылған. Бұл тәртіп ерікті. Тәртіпте жеңілдетілген декларациямен салыстыру үшін шектік табыс пен шектік санның жоғары белгісі қарастырылған, сондай-ақ еңбекақы қорына салық салынатын табысты азайту мен жылдық жиынтық табыстан 30% көлемінде бекітілген шығын қолдану ойластырылған (бірақ ЖЖТ-дан 70% аспауы керек).

Фермерлік және шаруа қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы сақталады. 2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларация енгізілуімен салық салу нысанын қайта қарау ұсыналады.

ДСҰ талаптарына орай 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша жеңілдік аударылған ҚҚС-ті 70% азайту түрінде алынып тасталады. Бұл жеңілдікті бүгінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, қайта өңдеушілер мен кооперативтер қолданады. Қосымша есептеу түрінде балама нұсқа қарастырылған.

«Математикалық түрде ҚҚС сол күйі қалады, тек төлеуге тиіс салық 70%-ға азаймайды, сіздердің есепке алу жақтарыңыз 70%-ға түзетіледі. Салық ауыртпалығы ұлғаймайды», – деді Рустам Жүрсінов.

Таныстырылымнан кейін қатысушылар салықтық әкімішіліктендіруді жеңілдету қажеттілігі туралы пікірлерін ортаға салды.

«Бізде күн сайын мәселелер туындайды, тиісінше штатта 3-4 бухгалтерлерді ұстауымыз керек. Егер бізде шетелдегідей шаруа телефон арқылы барлығын баяндайтын болса, мәселе орын алмас еді. Бірақ, өкініштісі, біз күніміздің 30-40% салықшылармен түсінісуге жұмсауымыз керек», – деді «Қазақстан ет-сүт одағы» қауымдастығының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев.

Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов бұл тұжырымдамалық ұсыныс екенін атап өтті. Басты қағида – зиян тигізбеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер